ДЗЮДОДАН ЖАРЫС ӨТТІ

13:01, 8 қазан 2019

Осы мен жетінші мәрте өтіп отырған республикалық турнирге «Астана – моторс» демеушілік етті. Жарыс Шет ауданы Ағадыр кентінде өтті. Мұнда 290 спортшы қатысып, бағын сынады. Жүлде қоры да қомақты бөлінген байрақты жарысқа Қырғыстан республикасының өкілдері де келіп қатысты

Үш жүзге жуық қатысушы жиналған спорт залда ине шаншыр жер болмады. Бұл деген дзюдоға қызығушылық танытқандардың саны арқанының белгісі болар. Аталған республикалық турнирге жеті жыл қатарынан демеушілік етіп келе жатқан «Астана моторс» компаниясы жүлде қорына 1,5 млн теңге тігіпті.

Жанат МЕДЕУБАЕВ, бас төреші:

-Осы жерден шыққан кішкентай оқушылармыз келешекте үлкен дәрежеде, үлкен деңгейде биік шыңдардан көреміз деп үміттенеміз.

Турнир олимпиада ойындарының қатарына енген Дзюдоның ережесі бойынша жүргізілді. Спорт залдың табалдырығын енді ғана аттаған жеткіншектер бірден Дзюдоның тәртібіне үйретіліп, соған бейімделеді екен. Бапкерлердің айтуынша, бұл - олимпиадаға жастайынан спортшылардың дайындауға өз септігін тигізеді.

Ерсайын ОМАРОВ, Ағадыр кентінің жаттықтырушысы:

-Қазірден бастап, екінші сыныптан бастап қабылдаймыз. Әлемдік мақсатпен балаларды дайындаймыз.

Не бәрі он екі жасында бірнеше түрнирлерге шығып бағын сынап жүрген жас спортшы осы жолы да қарсыласын оңайшылықпен жеңбегенін мойындайды. Дегенімен, әке арманын жүзеге асыру нақты менің мақсатым дейді ол.

Нұрхан ҚУАТБЕК, қатысушы:

-Бұл қарсыласым екеуіміз крескен едік. Оны мен ұттым. Осы жолы дәл солай қиын болды. Мен өзім әке жолын қуып бара жатырмын. Сондықтан да әке жолын жалғастырайын деп жатырмын. Әкем жетпеген жетістіктерге мен жетіп жатырмын.

Екі күнге созылған жарысқа түйе палуандар да қатысты. Командалық ойында бірінші орынға тігілген 200 мың теңге сый ақыны Ағадыр кенті жеңіп алды. Жезқазған қаласының командасы екінші орын, яғни  100 мың теңгені қанжығаларына байлады. Ал, үшінші орынға бөлінген 50 мың теңге Теміртау қаласына бұйырды. Жекеленген додада түрлі салмақ дәрежесінде 9 қатысушы бастапқы үш орынға ығысты. Бірінші орынға 40 мың теңге, екінші орынға 20 мың ақшалай сый ақы және үшінші орынға 10 мың теңге табысталды.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар