«ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ» ОНЛАЙН СЕМИНАР

17:03, 26 маусым 2020

Бүгін «Достық үйінде» онлайн режимде семинар өтті. Оның басты тақырыбы - «Азаматтық және қылмыстық процестегі медияция рәсімінің ерекшеліктері» болды. Шараға кімдер қатысты және қандай мәселелер назарға алынды?

Онлайн семинарға медияторлар мен мемлекеттік қызмет өкілдері және этномәдени бірлестіктердің мүшелері, мұғалімдер, кәсіпкерлер қатысты. Олар мемлекеттік және ресми тілде дәріс тыңдады. Бұл шараны «Қоғамдық келісім» мемлекеттік-коммуналдық мекемесі ұйымдастырды.

Бақтияр БЕКМҰРЗАЕВ, «Қоғамдық келісім» КММ директоры:

-Бүгінгі таңда «Қоғамдық келісім» коммуналдық мекемесі Қарағанды облысындағы медиация институтын дамытуға бағытталған іс-шаралар кешені жобасын жүзеге асыруда. Бұл «Рухани жаңғыру» жобасының реестіріне енген жоба.

Семинарда бүгінгі күндегі азаматтық және қылмыстық процестегі медияция рәсімінің ерекшеліктері әңгіменің өзегі болды. Жиналғандарға тәжірибелі қос семинар тренер тақырыпты түсіндірді.

Әсел САЙЛАУБАЙ, халықаралық медияция және келіссөздер академиясының президенті:

-Біз психолог, немесе заңгер емеспіз. Біз дау-дамайға тап болған екі тараптың ортасындағы татуластырушымыз. Біздің негізгі мақсатымыз -  сол.

Еліміздің ұстанған басты саясаты – татулық пен келісім. Ал, заманауй медияция – сол ұстанымды жүзеге асыруда зор маңызға ие. «Достық үйінде» өткен онлайн семинардың мақсаты – қоғамдық келісімге атсалысатын мамандардың біліктілігін арттыру.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар