ДОМБЫРА СТУДИЯСЫ АШЫЛДЫ

14:27, 3 шілде 2020

Қарағанды қаласында ұлттық аспабымыздың мерекесіне орай домбыра студиясы ашылды. Оның негізін қалаушы, 26 жасар таланты күйші, актёр – Есіл Айымбетұлы. Студияның атауын да «Есіл» деп атаған

«Есіл» домбыра студиясына қазірдің өзінде он шақты шәкірт жазылып үлгерген. Оның негізін қалаушы Есіл Айымбетұлы. Ол «Тәттімбет атындағы өнер колледжін» және Нұр-Сұлтан қаласындағы «Шабыт» университетін тәмамдаған, арынды күйші, әрі актёр. Домбыраны өміріне серік еткен жас ұстаздың алдағы мақсаты айқын.

Есіл АЙЫМБЕТҰЛЫ, «Есіл» домбыра студиясының жетекшісі:

-Мен осы домбыра аспабын бала кезімнен серік еттім. Мен домбыра үйренем деушілерге заманауй бағытта домбыра шертуді үйреткім келеді. Бұл менің мақсатым. Қазақ "туған жерге туыңды тік" дейді ғой. Мен осы қарағандылықтарға домбыра аспабын үйретмем деймін.

«Есіл» домбыра студисының ашылуына Өңірлік «Рухани жаңғыру» кеңсесі қолдау көрсеткен. Кеңсе басшысы Айтбай Жұмағұлов: -Елім деген әр азамат домбыра шертіп, ұлттық құндылықтарымызды дәріптесе, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы өз дегеніне жетеді,- дейді.

Айтбай ЖҰМАҒҰЛОВ, облыстық «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің басшысы:

-Домбыра ол - қазақтың үні, жаны, рухы. Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында Есіл домбыра студиясы ашылып жатқан жайы бар. Өңірлік Рухани жаңғыру кеңсесі қолдаушы болып отыр. Домбырадан басқа бұл жерде мәнерлеп оқуға, әдемі сөйлеуге, шешендік өнерге, көшбасшылық қасиеттерге үйретеді. 

Бұл студияның тағы бір ерекшелігі – домбыра шертіп үйренем деген шәкіртке бірден домбыра сыйға беріледі. Бұдан басқа да өзгешеліктері баршылық.

Ерік НАРЫН, тілші:

- «Есіл» домбыра студиясына осылайша аяқ киіміңізді шешіп кіресіз. Бұл жерге аяққа жылы әрі қолайлы кілем мен ою, өрнекті көрпе төселген. Оң жағымызда музыкалық білімге қажетті ноталар жазылған ақ тақта орнатылған. Одан әрі қазақ даласындағы бүкіл күйлер мен олардың тарихы жинақталған том-том кітаптар қаз-қатар тізілген сөре тұр. Одан әріге барсақ, студияның төрінде қос домбыра ілінген. Бірі кішкентай балаларға арналған, екіншісі ересек адамға арналған домбыра. Сосын шәкірттің бойына ұлттық аура мен атмосфераны қалыптастыратын бұйымдар қойылған тағы бір сөре. Бұл жерге келген шәкірт малдас құрып та, орындыққа отырып та сабақ өте алады. Бұл да бір студияның өзгешелігі.

Есіл Айымбетұлы - келешекте студияның филиалдарын ашу жоспарда бар,- дейді. Домбыра шертуді үйретуге жас, әрі білікті мамандармен келісім шартқа отырмақ. Сабақ аптасына үш рет өтеді. Құны, қымбат емес, он екі мың теңге.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар