ДОМБЫРА КҮНІ ТОЙЛАНДЫ

13:51, 9 шілде 2019

Осыдан бір жыл бұрын ғана қабылданған домбыра күні Қарағандыда аталып өтті. Ұлттық аспапты дәріптегендер орталық саябақта үлкен флешмоб ұйымдастырды. Күмбірлеген күйлерді тамашалағандардың қарасы да аз болмады

Рухты көтеретін күйлердің санында шек жоқ. Құлақтан кіріп бойды алған, әсем күйлерді тыңдауға қала жұртшылығы көп жиналған.
Қоңыр домбырадан төгілген күйдің құдыретін тамсанып тыңдағандар Ұлттық домбыра күніне орай өз пікірлерін білдірді.

Аманбек ата, тұрғын:

- Қадір Мырзалиевтің сөзі секілді « нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» осыдан қалған.  Бұл мәңгілік болу керек. Біздің ұлтымыздың беті осы болады. Домбыра күні құтты болсын.

Кеше ғана Республика Президенті  Қасым – Жомарт Тоқаев: « Домбыра сабақтарын мектептерге енгізу қажет. Ұлттық құндылықтарымызды жастарымызға сіңіріп, насихаттау өте маңызды» -деп жазды, интернет желісіндегі парақшасына. Расымен, ұлттық аспаптың құлағында әр қазақ ойнауы тиіс -деп санайды ұйымдастырушылар.

Еркебұлан АҒЫМБАЕВ, Қарағанды облысының мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасы басшысы:

-Күмбірлеген домбыраның қоңыр дауысы қай қазаққа  рух бермеген. Бүгінде өзіміздің ұлттық аспабымызды асқақтатып, көкке көтеріп жатырмыз. Бұнің барлаға болашаққа ькерек нәрсе. Болашақта жастарымызға, азаматтарымызға үлкен мақтаныш болады. 

Ұлттық Домбыра күніне арналған концерттік шарада аталмыш аспаптың мүсінін жасаған қатысушылар көрермендерді таң қалдырды. Олар бір сарында бірнеше күйлерді орындап, көрермендердің құлақ құрышын қандырды.

Манап АНЫҚБЕКОВ, күйші:  

-Мына өзіміздің арқа жері болғандықтан соң, шертпе күйдің мекені. Шертпе күйді дәріптеп, жалғастырып, әрі қарай іске асырып жатырмыз. Бұл шара дұрыс деп санаймын. Өйткені әр қазақ домбыра тарту керек.

Дәл осы күні облысымыздың әр өңірі домбыра күнін атап өтті. Ұлттық аспапты жаңғыртқан «ұлттық домбыра күні» келесі жылы да жалғасын табатын болады.                                 

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар