ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ – ҚОҒАМ ҚАУІПСІЗДІГІ

15:44, 21 қыркүйек 2020

Діни экстремизммен күресудің жаңа әдістері басты назарда. Қарағандыда дөңгелек үстелге қатысушылар осы мәселені талдап-таразылады

Жат ағымдармен күрес - 21 ғасырдың ең өзекті мәселелерінің бірі. Қоғамда қылаң беріп, жымысқы әрекетін жүзеге асырғысы келетін ұйымдарға қарсы ақпараттық –түсіндіру топтардың алар орны зор.Олардың  құрамы теологтар мен дінтанушылар және  азаматтық ұстанымдары  берік адамдардан жасақталған.Ал тараптар халық бір болса, экстримизм өздігінен бәсеңдейтінін айтады.

Мария ФАТЕЕВА, ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі:

-Бірлік ұғымы әрқашан бәрінен жоғары болады.Біз азаматтарымызды Сирияның қауіпті аймағынан  қайтарған "Жусан" операциясы қазақстандықтардың  барлық мәселелерді шешу  жолында бей –жай қарамайтынын тағыда айқындап берді. Бқл соның дәлелдеуді қажет етпейтін айғағы дер едім.

Келелі кездесуде қатысушылар экстремизмге қарсы іс-қимылдың жаңа әдістерін талқылады.Әсіресе тараптар интернет желі арқылы желігетін бүлдіргі ағымдарға тосқауыл қоюдың тезистерін егжей-тегжейлі ортаға салды.Сондықтан ақпараттық-түсіндіру топтарының мүшелері осы бағытта өз жұмыстарын жандандыруы тиіс - дейді, дін саласының  мамандары.

Ғалымжан САДУОВ, дін істері басқармасы басшысының м. а.:

-Ақпараттық –түсіндіру тобының мүшелері әлеуметтік желідегі  діни экстремизм мен терроризмге қарсы насихат жұмыстарын күшейту қажет.Яғни  деструктивті ағымдардың арбауына түскен адамдарды оңалту,теологиялық-психологиялық тұғыдан көмек көрсету болып табылады.Түптеп келгенде алдын-алу жұмыстарын ширатқан жөн.

Дін істері басқармасы тарапынан мұндай дөңгелек үстелдер үнемі тұрақты  өткізіледі.Айта кету керек, қазір Қарағанды облысының аумағында 19 ақпараттық-түсіндіру тобы құрылған.Олардың қатарында 317 адам жұмыс істейді.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
16:34, 23 қазан 2020
"АРАЙ" БАЗАРЫН ӨРТЕГЕН ЕКІ КҮДІКТІ ҰСТАЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар