ДІНИ САУАТТЫЛЫҚ АРТУДА

14:56, 12 шілде 2019

Өңірімізде аймақ теологтары мен имамдарынының біліктілігін арттыру жалғасын табуда. Облыстық дін істері басқармасының ұйымдастыруымен діни сала өкілдеріне теолог, дінтанушы Асқар Сабдин екі күндік оқыту семинарын өткізді

Бүгінде күллі әлемнің саяси, әлеуметтік, экономикалық, рухани жағдайына ықпал етіп отырған діни экстремизм мен терроризм ХХІ ғасырдың ең өзекті мәселелерінің біріне айналып отыр. Террорлық актілерге итермелейтін антогонизмдер мен қарама-қайшылықтарды болдырмау үшін имамдар мен теологтардың сауаттылығы басты рөлде- дейді, дінтанушы Асқар Сабдин. Тәжірибелі ғалым дін мамандарына қазіргі қазақ қоғамында кездесетін «діни ауытқушылықтар» туралы кеңінен түсіндірді.

Асқар САБДИН, Экстремизмнің алдын алу мамандарын қайта даярлау институтының басшысы /Алматы/:

-Деңгейлері өте жоғары. Тәжірибе алмасу көптеген сұрақтарға жауап береді. үш айқан бағыт бойынша түсіндірме жүргіземін.

Семинарда дінтанушы Асқар Сабдин діни радикалды зорлықпен агрессияны жоққа шығаратын, діни көзқарасы  өзгерген жандармен жұмыс істеудегі оң бағыттарды айқындап берді. Сондай-ақ, деструктивті жалған діни ағымдардан зардап шеккендерді оңалтып, қоғамға тартудағы басым міндеттер талқыға салынды.

Дулат ТӨЛЕГЕНОВ, Дін істері орталығы басшысының орынбасары:

-Дін істері басқармасының бастамасымен үнемі осындай семинарлар өткізіліп тұрады. Жергілікті имамдарымыз бен теологтардың шеберліктері шыңдалды. Бұл әлі жалғасын табатын болады.

Асқар Сабдин   қарағандылық теологтармен пікір алмаса отырып, радикалды идеологияға қарсы иммунитетті қалыптастыруға бағытталған нұсқаулықтар берді. Тәжірибелі дінтанушының ғылыми тұрғыда жүргізген екі күндік семинарынан өңір имамдары рухани байлық алып тарқасты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар