ДІНИ АҒЫМДАРДАН САҚТАНАЙЫҚ

13:38, 10 қыркүйек 2019

Қазіргі уақытта қоғамда өзекті мәселелердің бірі – жат ағым. Өз дінінен, дәстүрінен алшақтап кеткен жастардың бары жасырын емес. Осы ретте Қарағанды ішкі саясат бөлімі мемлекеттік мекемелер арасында, жеке кәсіп орындарында кездесулер өткізіп, мәселенің алдын алуға жұмыстар жасап жатыр.Осындай басқосудың бірі «Шұбаркөл көмір» компаниясында өтті

Жастар арасында, ислам дінін жіті білмей, саяси ортаның шырмауына ілініп, біреуі қолына қару ұстаса, екіншісі «бұл ислам жолы» деп ұлттық үрдістен айырылып жатқандар кездесіп жатады. Мамандардың айтуынша, бұл жағдайға көбіне дәстүрді білмейтіндер ұрынады. Қазіргі заманда өзге ағымның жетегінде кету оңай.

Жандос НЫҒЫМАН, дін істері және конфессияаралық қатынастар секторының инспекторы:

-Біздің тарихи дәстүрлі құндылықтармыз да бар. Сол құндылықтардан ажырату арқылы біз діни экстремизмге қарсы иммунитет қалыптастыруымыз керек. Осы мақсатта біз бүгін «Шұбаркөл көмір» мекемесінде қызметкерлермен кездесу өткізіп отырмыз.

Жиында ашық түрде жиһадқа шақырып жүрген ғаламтор парақшаларын жабу үшін әлеуметтік желілерді тексеруден өткізу керек деген пікірлер  айтылды. Ғаламтордағы бейнелерді жүктеп, оларды тарату да қылмыстық жазаға тартылатынын білмейтіндер бар .

Жандосв НЫҒЫМАН, дін істері және конфессияаралық қатынастар секторының инспекторы:

- Интернетті пайдаланған кезде түрлі видеолар, әсіресе соғыс болып жатқан жерлерде діни алауыздық, жарылыстар, оқиғаларды видеодан қарап, оны жүктеп алу немесе оны өзге адамдарға тарату арқылы да адамдар көбісі білмейді. Ол қылмыстық жауапкершілікке алып баруы мүмкін.

Діни сауаттылықтың аздығын жиынға келген жастар да мойындайды. Сондықтан өзге ағымыға тез бейімделеді. Осындай діннің дұрыс-бұрысын анықтайтын жиындар саны арта берсін деген ұсынытар кездесу барысында айтылды.

Қуаныш ТӨКЕНОВ, «Шұбаркөл көмір» АҚ – ның көмірді өткізу жөнінде инженері:

-Бүгінгі таңда жастардың көбісі дін жағынан хабарлары аз. Сондықтан, өзге діни ағымдарға өте беріліп кетеді. Бұның алдын алу үшін халық арасында дінді насихаттау саясатын өткізу керек.»

Осындай жиындар мектеп қабырғаларында, жоғарғы оқу орындарда жиі өтіп тұрады. Мамандардың ескертуіне құлақ ассақ, мешіт пен шіркеу қызметкерлерінің ғана кеңесіне жүгінуіміз тиіс.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар