Дәстүрлі түрде тамыздың бірінші демалыс күні - теміржолшылар төл мерекелерін тойлайды

Бұл сала еңбеккерлерін елімізде 1936 жылдан бері ұлықтап келеді. Қарағандыда айтулы күнге арналған шаралар Сұрыптау станциясында өтті

16:55, 7 тамыз 2017   144

Қандай болсын мемлекетте темір жолдың алар орны зор. Ол қала мен қаланы, ауыл мен даланы қосатын басты көлік құралы болып қала бермек. Өткен демалыс күні еліміздегі ең үлкен темір жол стансасы болып саналатын Сұрыптау кентінде аталған сала мамандары кәсіби мерекелерін атап өтті. Көптеген теміржол еңбеккерлері өз мерекелерін жұмыста өткізеді. Өйткені оларсыз пойыздар жүрмейтіні белгілі. Тұрлыхан Есембеков шойын жолда 35 жыл табан аудармай жұмыс істеп жүр. Бүгін оның төккен тері бағаланып «Құрметті еңбеккер» атағы берілді. Сұрыптау кентінің өмірі еліміздің теміржол тарихымен тығыз байланысты. Тәулік бойы бұл жер арқылы мыңдаған адам мен тонналаған жүк тасымалданады. Сұрыптау стансасы дегенде бірден көз алдыңа локомотивтер мен темір жолдар, тіркескен вагондар келеді.Ол - тоғыз жолдың түйіскен торабы. Айта кету керек, бүгінде Қазақстан темір жол қашықтығы бойынша әлемде 20-шы орында.

Асылбек ТОЙБЕК

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25