ДӘСТҮР МЕН САЛТЫН САҚТАҒАН

17:25, 15 сәуір 2019

Биыл «Видергебурт» неміс орталығына 30 жыл толды. Это-мәдени бірлестік тек Қарағанды облысында ғана емес, Қазақстан бойынша құрылған алғашқы ұлттық орталық болып есептеледі. Достық үйінде осы мерекеге орайластырылған арнайы шара өтті

«Видергебурт» неміс орталығының да о бастағы мақсаты- өз этносына тән салт-дәстүрлерді барынша сақтап қалу болған. Бұл жобаның жақсы жүзеге асқаны сонша,тіпті Германиядағы немістердің өзі таң-тамаша болып, таңдай қаққан.

Мерйтойлық жиынға Виктория Кист арнайы келген. Тарих толқыны болған жылдары ол әкесімен бірге орталықтың аяққа нық тұруына ықпал еткен. Бүгін этнобірлестіктің 10 мыңға жуық мүшесі бар. Ал, оны «Достық» орденінің иегері Виктор Кист басқарып келеді.

Виктор КИСТ, «Видергебурт» неміс орталығының басшысы:

-С 89 года  центр существует. Орталық 89-шы жылдан бері жұмыс істеп келеді. Біз Қазақстанның заң шеңберінде барлық шараларға қатыстық. Біздің ата-бабамыз осында тұрып қазақ тілінде үйренді, өз тілінде ұмытқан жоқ. Салт-дәстүрінде сақтап қалды.

Бүгін мерейтой иелеріне ең ізгі тілектер жолданды. 30 жылдықпен Қоғамдық келісім өкілдері де арнайы құттықтауын білдірді. Қазір  этномәдени бірлестік тек немістер үшін ғана емес, өзге ұлт өкілдеріне де есігін айқара ашқан.

Гүлнар АХМЕТОВА, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Менің көптеген неміс достарым бар. Бүгінгі шараға арнай келдім. Бұл тек орталықтың  емес, барша қазақтың құнды орталығы деп санаймын. Ал, бүгінгі жиын осының дәлелі.

Кеш көпшіліктің жүрегінің төрінен орын алды деуге негіз бар. Неміс әндері мен билері орындалып, достық үйінің холында суреттер мен қолөнер шеберлерінің туындылары қойылған.

Дәуренбек БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар