«ДӘРІГЕРЛЕРГЕ МЫҢ АЛҒЫС»

12:58, 29 шілде 2020

«Нұр Отан» партиясы облыстық филиялының партиялық бақылау комиссиясы мүшелері, Мақажанов атындағы көпбейінді клиниканың дәрігерлеріне азық-түлік таратты. Шара «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында ұйымдастырылды

Еліміз бойынша вируспен аянбай күресіп жатқан ақ халатты абзал жандарға, Алғыс айту шаралары жалғасып жатыр. Сол шаралардың басты мақсаты – оларға психологиялық тұрғыда қолдау көрсету болып табылады. Осынау қиын кезеңде ауыр салмақ медецина мамандарының иығына түсіп жатқаны анық. «Дәрігерлерге мың алғыс» акциясы аясында Мақажанов атындағы көпбейінді клиниканың дәрігерлеріне де қолдау көрсетілді.

Алмас ТӘЖІҚҰЛОВ, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы:

-Бүгін біз партиялық бақылау комитетінің өкілдері дәрігерлерге сәл де болсын көмек көрсетейік дедік. Оларға азық-түлік дорбасын тарту еттік.

Кейінгі уақытта, бүкіл қоғам дәрігерлерге қажырлы еңбектері үшін түрлі амалмен өз рахметтерін жеткізуде. Осы жолы оларға  сыйлықтар емес, жанұяның жылуы сезілетін үй жағдайында дайындалған ыстық ас таратылды.  

Алмас ТӘЖІҚҰЛОВ, партиялық бақылау комиссиясының инспекторы:

-Азық түлік дорбасын немен толтырамыз дегенде дәрігерлерге хабарластық. Оларға қазір не керек екенін, қандай ас жегілері келетінін сұрадық. Олар екі айдан астам үйлеріне бармаған. Сол себепті де дәрігерлер үйдің асын сағынған шығар дедік. Олар өз тілекетерін білдірді. Сол тілектерін елеп арнайы ыстық күйінде үйдің асын алып келдік.

Соңғы апталарда Қарағанды облысында вирусқа байланысты ахуал тұрақтала бастағандай. Жедел жәрдемге қоңыраулар айтарлықтай азайып, ақ халатты жандардың жұмысы біртіндеп бұрынғы қалыпқа келе бастапты. Мақажанов атындағы көпбейінді клиниканың дәрігерлері бүгінгі шараны ұйымдастырғандарға алғысын білдірді.

Ерік НАРЫН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар