ДӘРІ САТУДЫҢ ТӘРТІБІ ҚАНДАЙ?

16:41, 14 тамыз 2019

Дәрі – дәрмекті рецептсіз сатқан Қарағандыдағы дәріханаларға сегіз жүз мың теңге көлемінде айыпппұл салынған. Соңғы сегіз айда облыс бойынша 14 заңбұзушылық тіркеліп, арнайы тексеріс барысында анықталғандарды әкімшілік құқықбұзушылығы үшін жауапкершілікке тартқан. Қандай дәрі – дәрмектерді рецептісіз сатып алуға болады? Жаңа жүйе халыққа қаншалықты қолайлы?

Ағымдағы жылдың сәуір айынан бастап Денсаулық сақтау министрлігі жаңа заңға қол қойып, бірқатар дәрі-дәрмектерді тек рецептімен сату тәртібі енген болатын. Жаңа жүйеге сәйкес, тұтынушы тіркелген8000 препараттың 7300-ін қатаң түрде тек дәрігердің нұсқауымен пайдалануға міндеттеледі. Олардың қатарында иньекциялық, анибиотикалық және ауруды бәсендететін түрлі дәрілер де бар.  Мұндай шара қарапайым халық үй жағдайында емделуді азайту үшін және оқыс жағдайлардың алдын алу үшін жасалып отыр – дейді мамандар.

Фарида МАКЕЕВА, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а.:

-Осы Қазақстанға кірген кезде тіркеу жұмыстары өтеді, сол кезде дәрілік зат қай тізімге енетіні белгіленеді. Әрбір дәрілік зат белгілі бір тізімге енеді.

Жаңа жүйеге көпшілік наразылығы да жоқ емес. Мұндай тәртіп қан қысымы жоғары немесе жүрегі әлсіз, созылмалы ауруға шалдыққан жандар үшін қолайсыз көрінеді. Күнде қабылдауы тиіс дәрінің кенеттен қажеттілігі туындаған жағдайда қиыншылықтар көп дейді. Осы орайда Денсаулық сақтау министрлігі рецептімен жіберілетін дәрілер тізімін қайта қарауда. Мәселен, жаз мезгілінде аллергиямен ауыратындарға  дәрі-дәрмек енді еш нұсқаусыз берілуі мүмкін. 

Фарида МАКЕЕВА, облыстық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының м.а.:

-Өзгерістер енгізілетін болады. Мысалы, қазір аллергия болып жатыр, сол аллергияға қолданатын кейбір дәрілерді рецептпен босатылатын тізімнен рецептсіз босатылатын тізімге ауыстыру мүмкін. Онда да сарапшылар белгілі бір жұмыстар өткізу керек. Сосын барып өзгерістер орын алуы мүмкін.

Қала ішіндегі бірнеше  дәріханалардың табалдырығын тоздырдық. Нұсқаусыз сатуға тыйым салынған бірде-бір дәрі-дәрмек сатылған жоқ. Қалыптасқан жағдайға халық пікірі қандай?

Сондай-ақ, тұтынушы дәрігер жазып берген нұсқаулықты дәріханаға өткізуі тиіс. Мұндағы мамандар дәрі-дәрмек рецептісін үш жылға дейін сақтауға міндетті. Дәріні сатып алу қажеттілігі қайта туындаған жағдайда дәрігерге қайта бармай-ақ, рецептті өткізген дәріханадан тағы барып сатып ала аласыз. Тек, емдеуші тарап нұсқаулық мерзімін көрсетсе болғаны.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар