ДЕПУТАТТАРДЫҢ САПАРЫ

17:29, 8 ақпан 2019

Облыстағы кәсіпорындардың қызмет етіп тұруы аз, олардың жұмыс көлемін арттыру керек. Шахтинскке қызметтік сапармен барған мәжіліс депутаты Альберт Рау осылай деді. «Құрылысмет» өндіріс ошағының жұмысын көрген халық қалаулылары, жұмыскерлердің арыз-өтініштерінде тыңдады.

«Кұрылысмет» кәсіпорыны  металл-конструкциялық жөндеу жұмыстарымен қатар, тау-кен техникаларын бағдарламалау жүйесіне ауыстырып, қуаттылығын күшейтеді.  Өңірге келген депутаттар Қарағанды облысында 8 жыл бойы «индустрализациялау» бағдарламасы қалай жүзеге асып жатқанымен танысты.

Альберт РАУ,  ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:

-Кәсіпорынды салып, оны белгілі бір деңгейге көтеру аздық етеді. Кәсіпорында үнемі жұмыс жүріп тұру бағытын қамту керек. Мысалы Сарандағы комбинатта жұмыс тоқтаудың аз-ақ алдында тұр. Облыста инфрақұрылымды аймақ жетіспейді, сондықтан қазіргі бюджет аясында да жұмыс жүргізу керек.

Халық қалаулылары осыған дейін Балқаш қаласына, онан кейін «Сарыарқа» еркін-экономикалық аймағына барған. Сәйкесінше индустриализациялау бағдарламасының жай-күйін байқастаған. Кәсіпорын қызметкерлері мекеме облыстағы сұранысты қанағаттандыра алатынын айтты.

Мақсат МҰРАТБЕКОВА, «Кұрылысмет»  ЖШС өндіріс жөніндегі басшысы:

-Былтыр 3 түрлі қондырғы-жабдығын модернизациядан өткіздік. Ол механикалық басқарылатын құрылғы болған. Тіпті «АМТ»-нің өзі әлемдік санаттағы бағдарламаны енгізу үстінде.

Өндіріс ошақтарындағы өнім көлемін арттыру - басты мақсат. Осы орайда аталмыш кәсіпорын облыстың көмір шығару орындарының сұранысында толық қанағаттандырып отырғанын атап өткен жөн.

Дәуренбек  БАҚДӘУЛЕТ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар