ДЕПУТАТТАР МӘСЕЛЕГЕ АРАЛАСТЫ

15:32, 8 қараша 2018

Қарағанды қалалық мәслихат депутаттары «Гор Ком Транс» компаниясына жұмыс сапармен барды. Халық қалаулылары компания жұмысымен етене танысып,тұтынушыларға қызмет көрсететін кабинеттерді аралап көрді. Мұнансоң, мәжіліс залында өткен бас қосу жиналысына қатысты.

30жылдан астам тарихы бар бұл ірі кәсіпорын үй аулаларындағы қоқыстармен қоса, орта,  шағын бизнес өкілдерінің қатты тұрмыстық қалдықтарын шығарумен айналысады.Тәулігіне 3 мыңға жуық жеке сектор және көпқабатты үйлердегі қоқысты сыртқа  шығарады.Сондай-ақ,компания  күніне  500 тоннадай қоқысты жояды. «Гор Ком Транс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі жиын тариф мәселесіне арналған.Депутаттардың айтуына қарағанда  серіктестік көрсеткен қызметтері үшін жеке  және  заңды тұлғаларға тарифті көтеру мәселесін алға тартқан.Бұл монополия туралы заңға қайшы келеді дейді,Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты Төлеген Әшімов

Төлеген ӘШІМОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-Бұл дұрыс емес.Өйткені біз тұтынушылар құқығын қорғауымыз қажет.Тарифті көтеруге депутаттар корпусы үзілді-кесілді қарсы.Олар Президент тапсырмасына орай,сандық жүйеге көшулері қажет.Жұмысты тиімді әрі ұтымды ұйымдастыра білулері керек

 «ГорКомТранс» Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде қазір,250-ге жуық адам жұмыс істейді.Техника паркіндегі 65 қоқыс тасымалдайтын және 17 тұрмыстық қалдықтарды тиейтін көлік бар.Ал, басшылық Елбасы берген тапсырмаға сай, техникалық қызметкерлер жалақысын 30 пайызға көтеріп үлгерген

Марат БИМАҒАМБЕТОВ, «Гор КомТранс» ЖШС-нің  бас директоры:

-Біз жұмыскерлер  жалақысын  30 пайызға көтердік.Ол, техникалық қызметкерлерге қатысты. Жүргізушілер мен жүк тиеушілер және слесарларға едәуір қолдау болды

«ГорКомТранс» компаниясындағы депутаттар мен болған кездесуге әкімдік өкілдері,тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы қызметкерлері мен қоса, «Ресайклинг» және «ЭкоАлемҚазақстан»Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің жетекшілері қатысып, өздерін толғандырып  жүрген  ойларын ортаға салды. Барлық көтерілген мәселелерге халық қалаулылары толыққанды жауап берді

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
16:10, 13 қараша 2018
ТЕЛЕАРНА ТАРИХЫН ТОПТАСТЫРҒАН ТУЫНДЫ
Толығырақ...