Депутаттар мен Қоғамдық кеңестің өкілдері Қарағандыдағы жолдарды жөндеу жұмыстарын қадағалауда

16:59, 12 қыркүйек 2017

Кейбір мердігерлердің жұмысынан халық қалаулары кемшіліктерді тапты. Оларға аса назар аударып, мүмкіндігінше жөңдеуді тезірек аяқтауды талап етті

Ағымдағы жылдың мамыр айында Қарағанды қаласының маслихаты көлік жолдарын жөңдеу мәселесі бойынша комиссия құрған болатын.  Күні кеше осы топтың өкілдері облыс орталығының көшелерімен жүріп өтіп, жөңдеу жұмыстарының қаншалықты сапалы және уақытылы  жүргізіліп жатқанын тексеріп қайтты. Газалиев көшесінде жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын. Жол қиыршықтас асфальт-бетонмен төселген.  Жұмыс сапалы жүргізіліп жатыр деп сендіріп отыр осындағылар. Ал, тұрғылықты тұрғындар киылысқа ағын судың жиналғанына наразы.  Қарағанды қаласына жөңдеу жұмыстарына 30 миллион теңге бөлінді. Келісім шартқа тиесілі аумақ қазан айында аяқталуы тиіс. Сол уақытқа дейін жөңдеу жұмыстары толығымен орындалады –деп күтілуде. Осы көшеден басқа, Қалалық маслихат депутаттары және Қоғамдық кеңестің мүшелері  өзге жолдардың жұмыс сапасын тексерді. Асфальт төсеу қабаты өлшенді, өйткені нормаларға сәйкес оның қалыңдығы кемінде  6 см болуы керек. Биылғы жылы Қарағандыда барлығы 100 учаске жөнделеді. Оған бюджеттен 4 млрд теңге бөлінді. Депутаттар барлық участкілерді тексеріп, Сұрыптау, Майқұдық, Пришахтинскте де болып қайтты.  Мердігерлік ұйымдар «жол комиссиясының» ескертулерімен келісетіндерін айтты. Ал, депутаттар тексеру жұмыстары жөңдеу аяқталғанша қадағалауда болатынын еске салды.

Айдана ДАСТАН

Тақырып бойынша материалдар

Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлік қоғамы қызметкерлерінің арасында спартакиада өз жалауын көтерді
17:07, 24 қараша 2017
Қарағандыдағы «Жастар» спорттық кешенінде «KEGOС» акционерлі...
Толығырақ...
«Қарағанды Жарық» ЖШС  электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 жылда 300 шақырымға артты
17:06, 24 қараша 2017
«Қарағанды Жарық» ЖШС электр желілерінің ұзындығы соңғы 5 ж...
Толығырақ...
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-құтқару жасағы кинологиялық сынақ жұмыстарын бастап кетті
12:51, 24 қараша 2017
Приозерскі қаласында ҚР төтенше жағдайлар комитетінің жедел-...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактілері әлі күнге азаймай тұр
18:28, 20 қараша 2017
Жаңаарқа ауданының ауылдарында киіктерді заңсыз аулау фактіл...
Толығырақ...
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» пилоттық жобасы Жаңаарқа ауданында сәтті жүзеге асырылуда
18:41, 21 қараша 2017
Облыс әкімінің бастамасымен қолға алынған«Әлеуметтік бонд» п...
Толығырақ...
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына дейінгі балаларға арналған ойын бөлмесі ашылды
13:06, 22 қараша 2017
Қарағанды қаласы әскери бөлімдерінің бірінде мектеп жасына д...
Толығырақ...