ДЕПУТАТТАР КӨТЕРГЕН МӘСЕЛЕ

13:06, 12 қыркүйек 2019

Қарағанды қаласындағы кей мектептердегі бала санын азайтукерек. Білім мекемелеріндегі жиһаздарды жаңартып, тамақтануды жақсартып, оқулықтардың жетіспеушілігі мәселесін шешу қажет. Сондай-ақ, оқу орындарындағы жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарын бақылауға алған жөн. Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссиясы жаңа оқу жылына дайындықты пысықтады

Оқу жылы басталар алдында депутаттар Қарағанды қаласындағы  білім ордаларын аралап шыққан. Нәтижесінде бірқатар кемшіліктерді  анықтап отыр.  Мысалы № 34 мектепте балалардың көп болуына байланысты үш ауысым жасаған.

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды қалалық білім бөлімі басшысының м.а.:

-Олар өз мұғалімдерімен ауысуға тиіс болатын, біз барлық жағдай жасадық, бірақ ата-аналар бас тартып, оларды 34 мектепте қалдыруға тура келді.

Сергей АН, Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты:

-№34 мектеп қиын  жағдайда. Онда акт залы асханамен біріктірілген. Бұл ешқайда жарамайды. Мұндай мектептерге күрделі жөндеуге ақша бөлу қажет.

Сұрыптау шағын ауданында да оқушылар санының көптігінен үш ауысымға көшкен мектеп бар.Қарағанды қалалық мәслихатының тұрақты комиссия мүшелері педагогтар тапшылығы проблемасын да қозғады.Ал Узенка кентіндегі №50 мектептің маңайынжергілікті тұрғындар қоқыс орнына айналдырған. Отынның күліне дейін шығарады,- дейді депутаттар.  Отырыста мектепке дейінгі мекемелердің жетіспеушілігі мәселесі көтерілді.  Мәселене ЖБИ аумағында  балабақша жоқ, тек шағын орталық қана бар. Оқушыларды дұрыс тамақтандыру бойынша да халық қалаулыларының сұрақтары көп болды.

Татьяна КРАВЧЕНКО, еңбек және әлеуметтік сала мәселелер туралы комиссияның мүшесі:

-Ас мәзірінде жеміс жидек жоқ.  Оқу жылының басының өзінде  балаларды тамақтану тиісті деңгейде емес. Бізде үлкен алаңдаушылық бар. Бұл мәселе депутаттардың бақылауында екенін мектеп директорларына жеткізулеріңізді сұраймыз.

Бастауыш сынып оқушыларына арналған парталарда жоғары сынып оқушылары отыр. Демек, жиһаз жаңартылмайды. Сонымен қатар, оқу орындарында жууға арналған және залалсыздандыру құралдары жетіспейді. Ал Интерактивті тақта көптеген білім мекемелерінде  жұмыс істемейді.

Сайран СЫЗДЫҚОВА, кәсіпкерлік қызмет және инвестклимат туралы  комиссияның төрайымы:

-Мектептерде интерактивті тақталарды сатып алуға кезең-кезеңмен ақша бөлінеді. Әрине сатып алады оларды көреміз, олар ілініп тұр, бірақ жұмыс істемейді. Өйткені қосалқы бөлшектер жоқ. Қосалқы бөлшектерді сатып алуға ақша қарастыру қажет.

Қосымша білім беру бойынша бірқатар  проблемалар бар. Қалада балалар мен жасөспірімдер сарайы жұмыс істейді. Ал Пришахтинск пен Майқұдық елді мекендеріндеоқушылардың бос уақытын өткізетін ешқандай орын жоқ.  Мектептерде жөндеу жұмыстарын жүргізу де дұрыс  жоспарлану қажет.

Борис ЗОРИН, тұрақты комиссияның мүшесі:

-Құбырларды ауыстырудың 25% - ын жасайсыз, қалғанын келесі жылға  қалдырасыздар. Бұл қабырғаларды бұзады. Егер суық су құбырларын  немесе электр желілерін ауыстыру қажет болса  бір жыл соңына дейін жасаңыз.

Тұрақты комиссия отырысының қорытындысы бойынша бұл мәселелер Қарағанды қалалық мәслихатының кезекті сессиясында қарау үшін арнайы шешім жобасы әзірленуде.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

 

Тақырып бойынша материалдар

ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
17:14, 20 қыркүйек 2019
ОБЛЫС ӘКІМІ-ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар