«ДЕНСАУЛЫҚ» ПОЙЫЗЫ АЙМАҒЫМЫЗДА

14:07, 13 тамыз 2019

«Денсаулық» пойызы Жаңаарқа ауданына қарасты Түгіскен ауылдық окургіне аялдады.Соның нәтиежесінеде станциядағы 100-адамға медициналық консультативті - диагностикалық көмек көрсетілді.Бірегей жобаны «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры мен ҚР Денсаулық сақтау министрлігі жүзеге асыруда

Дәрігердің  қаралуына елден  келгендердің бірі -Тұрсынай Бекмусина. Түгіскен ауылының тұрғыны окулистке көзін тегін тексертті.Енді ол 350 шақырым жердегі облыс орталығына барып әуре болмайды. «Денсаулық» пойызының арқасында  кейуана сапалы медициналық көмекке кенелді.  

Тұрсынай БЕКМУСИНА, Түгіскен ауылының тұрғыны/:

-Денсаулық пойызын жіберіп, халықтың жағдайын жасап жатқанына көп рахмет! Халық осылардың арқасында өздерінің денсаулықтарын игеріп, келешегіміз арта берсін.

 «Денсаулық» медициналық пойызы осы жылдың 29 сәуірінен Алматы облысынан бастап, еліміздің 14 аймағына  жол тартқан еді. Игі жобаның басты мақсаты -шалғайдағы темір жол бекеттерінің тұрғындарына  медициналық консультативті-диагностикалық көмек көрсету.Медициналық пойыз Қарағанды облысына қарасты Ақтас, Шоқай және Қарамұрын мен Қаражал,Дәрия, Жомарт,станцияларындағы жұртқа жәрдем берген.Бұл күні  Түгіскен ауылындағы  халық ұзын сонар кезекке тұрып,ақ халатты абзал жандарға алма кезек қаралып жатты.

Дүйсен БАЛЫМБЕТОВ, «Денсаулық» пойызының басшысы:

-Пойыз құрамында 9 вагонымыз бар. 9 вагонның 4-еуі медициналық-клиникалық жабдықтармен жабдықталған. Жолымыздың жартысын жобалап жүріп қалдық. Бұл енді шалғайдағы елді-мекендерге тиімді болып тұр. Алысқа ізденіп жатпайды.

Темір жол бекеттеріндегі халыққа №8 бригаданың дәрігерлері аянбай қызмет жасауда.Оның құрамында  хируг, терапевт,  дерматолог және онколог-маммолог пен стаматолог, уролог сынды біліктіде, білгір мамандар бар. Денсаулық пойызы түгелдей неміс пен жапонияның озық үлгідегі  жабдықтарымен жабдықталған.Аймағымыздағы 8 станцияға аялдаған дәрігерлер 800-ден астам пациентке медициналық көмек жүргізген.

Ғабит СЕМБИЕВ, №8 бригада жетекшісі /хирург/:

-Денсаулық пойызы Самұрық Қазына Қазақстан темір жол жанындағы коорпоративтік қоры әлеуметтік жобада құрылды. Және ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен құрылды. Қаралған   ересектердің арасында негізінен жүрек қан-тамырлары мен эндокриндік жүйенің потологиялары, балаларға анемия қан аздығы.

Ал әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қарағанды облыстық филиалы- бұқараны ақпараттандыру шараларын жүйелі жүргізуде. Осы күні  сарапшылар шалғайдағы елді мекен тұрғындарына пайдалы кеңестер берді.

Жанар РАҚЫШЕВА, әлеуметтік медициналық сақтандыру  қоры  ҚОФ бас сарапшысы:

-Жарнамалар тарату.Осы міндетті ілеуметтік сақтандыру жүйесінде азаматттардың құқықтары жайлы ақпарат береміз. Осы медициналық сақтандыру жүйесінде мемлекет сақтандыратын 15 санат адам бар.

Медициналық тексеруден өткен әлеумет талдау нәтиежелері бойынша  енді ауруханаларда  ем-дом шараларын қабылдайды.Жақын күндері «Денсаулық» пойызы Қызылжар станциясымен еліміздің Байқоңыр, Орал өңірлеріне барады. Жоба жұмысына кезекпен 10 бригада жұмылдырылады. Ал жалпы пойыз 195 бекетке тоқтайды.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ, тілші:

-Мен де медицина қызметкерлерінің сапалы медициналық өызметін сезіндім. Міне, 2 сағаттың ішінде талдау нәтижелерінің қорытындылары дайын болды. Ендеше, ағайын, сіз де алысқа сабылмай, іргедегі дәрігерлерге қаралыңыз.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар