ДЕНСАУЛЫҚ АКЦИЯСЫ

17:31, 19 маусым 2019

Қала тұрғындарының мүмкіндігіне арналған Денсаулық акциясы өтті. Қарағанды қаласының сауда үйінің бірінде салауатты өмір сүру мамандары - келген қонақтар мен қала тұрғындарының денсаулықтарын тексеруге мүмкіндік берді

Тұрғындардың денсаулығына алаңдаған дәрігерлер оларға барынша ынғайлы жағдай жасауға тырысуда. Тіпті үлкен сауда орындарына  бірнеше емхананың өкілдері келіп, азаматтардың қан қысымы мен қант мөлшерін өлшеді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған акиялар бірінші рет өтіп жатқан жоқ. Жылына бірнеше рет болатын жәрмеңке әлі де жалғасын табады.

Ғайнижамал РАУАНДИНА, СӨС дәрігері:

-Бұл іс шараның басты мақсаты – қала тұрғындарын салауатты өмір салтын насихаттай отырып, белсенді өмір сүру. Дұрыс тамақтану, созылмалы, созылмалы емес аурулардың алдын алу бойынша іс шара ұйымдастырылып отыр.

Бұндай акциялар халыққа қолайлылы қылап жасалынған. Себебі түрлі жағдайға байланысты науқастар жұмыстан немесе үйден шыға алмай жатады. Сондықтан қолайлы жағдай.

Аталмыш іс шараны тұрғындар да қолдап отыр. Расымен денсаулыққа көңіл бөлу үшін арнайы емханаларға бару мүмкіндігі бола бермейді.

Нәзипа ЖҰМАБЕКОВА, тұрғын:

-Міндетті түрде керек. Жұмыста жүресін уақыт келмейді. Акцияға қатыстым. Маған өте ұнады.

Тұрғындарға жасалынған жәрмеңкенің мақсаты -бүгін жүзеге асты. Акцияға келгендердің санында шек жоқ. Олар тегін дәрігерлік кеңестер берілді. Бұл үрдіс – халық үшін өте пайдалы.

Айман САҒАТАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар