ДӘН СЕБУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫНДЫ

13:28, 25 мамыр 2020

Қарағанды облысының ауыл шаруашылық саласындағы егіс-дала жұмыстары қарқын ала бастады.Көктемнің ерте шығуы Оскаров ауданының шаруалары үшін тиімді болып отыр.Осы мүмкіндікті сәтті пайдаланған механизаторлар қауымы дән себу жұмыстарына жұмыла кіріскен

Оскаров ауданының «Майбұлақ» шаруа қожалығы 26 жыл бойы дәнді дақылдың бірнеше түрін себумен айналысады.Жыл сайын егіс көлемі артып, аймақты қажетті өнімдер мен қамтамасыз етудеміз дейді,-шаруа қожалығының төрағасы Шовалу Умаров 

Шовалу УМАРОВ, «Майбұлақ» шару қожалығының төрағасы:

- Өткен жылы біз 6 мың ал, осы жылы 6 мың 207 гектар жерге дән себудеміз.Біраз ұлғайттық.Келер жылға пар жырту жұмыстарына 1 мың гектар жерді қалдырдық.Біздің егіс көлеміміз осындай. 5-ші мамырдан бастап кірістік.  

Осындай егіс аумағын ұстап тұру әрине, оңай  емес. Шаруашылықта қазір 5 арнаулы техника бар. Адам күші жеткілікті. Тұқым себу жұмыстарын белгіленген мерзімде аяқтау үшін, олар уақытпен санаспай еңбек етуде.  

Бұл күндері 6 мың гектар жерге дәнді дақыл себілуде.Жылма-жыл  материалдық техникалық база нығайтылып келеді.Олардың барлығы шетелдік заманауий техникалар. Шаруа қожалығы 1,7 миллиард теңге қаржыға 45 бірлік техника сатып алынған.

Бүгінгі күні 250 мың гектар жерге дәнді дақылдар себілді. «Көкткемнің бір күні жылға азық» екенін олар жақсы түсінген. Мамандардың айтуына қарағанда өткен қыста қар қалың түсіп, ылғал белгіленген мөлшерден көп болып отар.. Соның нәтижесінде мол өнімге қол жеткізуге болады,-дейді дихан қауым.

Қабылда ӘБІЛДИНОВ, Осакаров аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің жетекшісі:

- Осы жылы көктем ерте келді. Сондықтан егіс жұмыстарына ерте кірістік. Болжам бойынша мол өнімге қол жеткізбекпіз. Аудан бойынша 300 мыңнан астам  гектар жерге астық себілмек.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар