ДАМЫҒАН БИЗНЕС - ТҰРАҚТЫЛЫҚ ТҰҒЫРЫ

17:56, 14 маусым 2018

Жаңаарқа ауданында «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы жемісті әрі жүйелі жүзеге асырылуда. Бағымды бастаманың арқасында бизнеске бет бұрған жергілікті кәсіпкерлер жеңілдетілген пайызбен несие алып, несібесін арттырып отыр. Ал, өткен жылы өлкеде 900-ден астам адам тұрақты жұмыспен қамтылған

Жаңаарқа ауданының тұрғыны Анар Болатбекова «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасының игілігін көріп отырған жандардың бірі. Мақсаты айқын, жоспары жойқын нәзік жан   3 миллион теңге несиеге қол жеткізіп, инклюзивті балаларды дамыту орталығын ашқан.

Анар БОЛАТБЕКОВА, кәсіпкер:

-Осындай мүмкіншілік берген мемлекетке алғыс айтамыз. Айтарлықтай қағаз жинаудың қажеті жоқ. Несиені бірден берді.

Жас ұрпаққа сапалы білім беретін оқу ошағы 50 балаға шақталған. Қазір «Арай» орталығында 12 мүмкіндігі шектеулі балғын ілім мен ізгіліктің нұрын бойларына  себуде. Ағылшын тілін үйреніп, ән мен би және қолөнер үйірмелері арқылы өнерге бейімделеді.

Ал, Жалғас Хамит  механик болғандықтан көп ойланбастан көлік жөндеу орталығын игеріп, жүргізушілердің игілігіне жаратуды  жөн санайды. Жас бизнесмен  аталған бағдарлама аясында құны 2800 миллион  теңге  жеңілдетілген пайызбен несие алып, өз  ісін ілгерілетеді. Ол аумағы 84 шаршы құрайтын қажетті нысанды да жаңадан тұрғызған.

Жалғас ХАМИТ, жас кәсіпкер:

-Мен өзім кішкентай кезімнен машиналардың арасында өстім. Әкемнің арқасында, кішкентай кезімде жандарында алып жүретін.

Темір тұлпарларды дәнекерлеуден бөлек,  дөңгелектерді қалыпқа келтіріп, компьютерлік диагностика жасаумен айналысатын осы орында күніне мамандар онға  жуық көліктерге қызмет көрсетеді.

Қуаныш ШӘЙМЕРДЕНОВ, көлік иесі:

-Осы СТО-ға алып келдім. Сразу машинаны жөндеп берді. Қолайлы. Бағасы да жақсы.

Былтыр   Жаңаарқа ауданы бойынша  кәсібін ашу үшін 130-дан астам адам шағын несие алған. Бағдарлама шарапаты шағын  бизнеске береке беріп қана қоймай ауданның жалпы әлеуметтік жағдайын жақсартуға тың серпін берді.

Венера ТОҚАНОВА, Жаңаарқа ауданы  халықты жұмыспен қамту орталығының директоры:

-Ірі қара мал алуға және жылқыны көбейтуге алды.  Содан кейін осы Атасу кентінің басында 50%деп айтуға болады.

Сандуғаш Молболсынқызы  да   «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы арқылы  8 миллион қаржының көзі мен  кәсіптің кетігін тапқан. Сөйтіп, азаматша кондитерлік цех ашқан. Мұндағы тәттілердің  23 түрін пісіретін  пештер Германияда шығарылған.

Сандуғаш МОЛБОЛСЫНҚЫЗЫ, кәсіпкер:

Қазір мемлекет тарапынан жастарға көптеген мүмкіндік берілген. Бұл мүмкіндіктерді жастар қолдана білсе нұр үстіне нұр болар еді.

Биыл ауданда  1000-нан астам тұрғын еңбекке тартылады. Айта кетейік, өңірде  2017 жылы 150-ге жуық азамат  қысқа мерзімді оқыту курстарынан өткен.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар

ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
17:11, 7 желтоқсан 2018
ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ – МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕ
Толығырақ...