ДАЙЫНДЫҚ ТОБЫ АШЫЛДЫ

17:45, 5 тамыз 2019

Қарағанды мектептерінде баланы бірінші сыныпқа даярлайтын топтар ашылды. Мұнда бүлдіршіндер тәжребиелі ұстаздардың алдынан өтіп, оқушы атына кіріспе жұмыстарын жүргізеді. Айта кету керек, балдырғандар енді бірінші сыныпқа алты жастан бастап баратын болады

Мектеп табалдырығын аттағалы жатқан бүлдіршіндердің мүмкіндігі кеңейе түсті. Білім нәрін сусындаймын деп келген алты жасарлық балдырғандар жауапты іске алдын ала дайындала алады. Болашақ оқушыларды даярлау үшін арнайы топтар ашылды. Бірінші сынып оқушылары мен ата – аналарында ол үшін бір ай уақыты бар. 

Гүлсім ҚОЖАХМЕТОВА, Қарағанды қалалық білім бөлімінің жетекшісі міндетін атқарушы:

-Бірінші тамыздан бастап біздің мектептерде жұмыс жасап жатыр. Білім ордаларында мұғалімдер балаларды күтуде.

Мектепалды дайындық жұмыстары әсіресе даярлық сыныбында оқымаған, бала – бақшаға бармаған балаларға үлкен мүмкіндік. Мұндай сыныптар қаламыздың барлық мектептерінде ашылды. Мәселен, № 92 мектепте 3 дайындау тобы жұмыс істеуде.

Сәния ҚОРҒАНОВА, мұғалім:

-Бүгінгі күні арнайы оқу жоспарымен, арнайы сабақ кестесімен жұмыс жасауды бастадық. Оқу мерзімі бір ай. Жалпы сабақтың ұзақтығы отыз минут. Аптасына бес күн сабақ оқиды.

Ағымдағы жылы заңға сәйкес әр бала алты жасынан мектеп табалдырығын аттауы тиіс. Дегенмен, ата – аналардың таңдау еркі шектелмейді. Баланы жеті жастан да бірінші сыныпқа беруге болады, алайда ол қатарластарынан бір сынып төмен оқиды.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар