ДАЙЫНДЫҚ ПЫСЫҚТАЛДЫ

16:18, 7 қараша 2019

Қарағанды облысында 3000 құтқарушы мен 1200 техника өз міндетін мүлтіксіз орындауға сақадай сай. Бүгінде аймақта «Қыс – 2019» штабтық – командалық оқулар өз мәресіне жетті

Оқудың алғашқы күні арнайы техника бақлаудан өтсе, екінші кезеңде құтқарушы мамандар өздерінің шеберліктерін көпке ұсынды. Олар тапсырмаға сәйкес, тайғақ жолдың салдарынан орын алған жол көлік оқиғасында жедел әрекет етуге міндеттелді. 15 минут ішінде өртке оранған көлікті жалыннан азат етіп, жапа шеккендерге бірінші көмек түрлерін көрсету керек болды. Ал, екінші топ осы уақытта ең далада жоғалған адамдарды іздестіру ісімен айналысты. Тік ұшақ пен барлық жерде жол талғамайтын арнайы көліктер де жұмылдырылды. ТЖД мәліметтеріне жүгінсек,  600-ден астам жол учаскесі қатаң қадағалауға алынған.

Талғат   НҰРМАҒАМБЕТОВ, ҚР ІІМ ТЖ Комитеті төрағасының орынбасары:

-Біз оқулардың сценарийін алдын ала ойластырамыз. Арнайы жерді белгілеп, қандай іс – шаралар орындалатынын қарастырамыз. Дегенмен, өмірде барлығы біз ойлағандай бола бермейді. Мәселен, Ақтөбені алып қарайық. Әлі күн суытып үлгермесе де, боран мен қар жол үстінде қиын жағдайларға себепші болып отыр.

Аягөз ТҰРСЫНБАЙ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар