«COVID-19» ВИРУСЫМЕН КҮРЕС

16:54, 3 шілде 2020

Учаскелік қызметтің жұмысы және консультациялық қызметтер қашықтықтан көрсетілуі тиіс. Ал диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігердің нұсқауы бойынша онлайн жазылу арқылы жүзеге асырылады. Бұл туралы "COVID-19 жұқтырған тұрғындарға медициналық көмекті көрсету мәселесі жайлы" онлайн брифинг барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният мәлімдеді

Қазақстанда эпидемиологиялық ахуал өршіп тұр. Коронавирус инфекциясымен сырқаттанушылықтың саны да күн санап артуда.  Вице-министрдің айтуынша, соңғы айда COVID-19 инфекциясымен ауырған пациенттердің ең жоғары өсімі халық көп орналасқан және ірі өнеркәсіптік қалалар – Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Атырау, Қарағанды қалаларында тіркелген.

Ажар ҒИНИЯТ, ҚР Денсулық сақтау вице-министрі:

-50:23 Бүгінгі күні елімізде 44 мың 100 ге жуық жағдай тіркеліп отыр.  Күніне орташа есеппен 1500 жарым адам ауырады.  Осы күнге дейін ауруханаларда 200 науқас көз жұмды.  Қазіргі уақытқа ауруханалдарда ковилд пневмониясымен8500 жарым науқас емделіп жатыр.

Қауіпті індетке тосқауыл қою үшін, мемлекет тарапынан барлық кешенді жұмыстар бір сәтке тоқатағн емес.  Бүгінгі таңда елімізде 383 көшпелі арнайы мобилді топ құрылып,  олар түрлі бағытта жұмыс жасайды.  . Яғни,  короновирус инфекциясы, жедел респираторлық вирус, тыныс алу жеткіліксіздігі сынды ауру белігілеріне сынамалар алады.  Бригаданың екінші түрі COVID-19 вирусы расталған пациенттерге үйде медициналық көмек көрсетеді.   Сондай-ақ , Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният емханалардағы жоспарлы қабылдау жұмыстары қашықтықтан жүзеге асырылатынын мәлімдеді.

Ажар ҒИНИЯТ,  ҚР Денсулық сақтау вице-министрі:

-Учаскелік қызметтің жұмысы және консультатциялық қызметтер мүмкіндігінше қашықтықтан көрсетілуі тиіс. Екінші, жоспарлы көмек пен диагностикалық қызметтер қатаң түрде дәрігерлердің көрсетілімдері бойынша онлайн жазылу арқылы жүзеге асырылады. Емханаға алдына-ала күні бұрын шақырылады.

COVID-19 диагнозы расталып, үй жағдайында емделіп жатқан пациенттер тегін дәрі-дәрмек алуға тиіс.  Алайда бұл жеңілдікті  міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың қатысушылары болған қазақстандықтар ғана алады.  Мұндай дәрі-дәрмектер тізіміне антибиотиктер мен адам қызуын төмендететін препараттар кіреді. Қазіргі таңда  елімізде  қауіпті індеттің ілмегіне іліккендердің саны күн сайын артуда. Вирус жұқтыру жағдайы бір айда 4,5 % құрап отыр.  Короновирус жұқтырғандардың жалпы саны  44100- ге жетті.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар