«ЦИФРЛЫҚ ҚАЗАҚСТАН»

13:45, 14 наурыз 2019

Енді 82 жыл бұрынғы жеке тұлғалардың акт жазбаларын eGov.kzпорталынан табуға болады. Қазір облыстық АХАТ бөлімінің мамандары қолдай жазылған деректерді сандық жүйеге ауыстыруда.Нәтижесінде тұрғындар мен мемлекеттік органдар азаматтар жайлы жедел мәлімет алатын болады. Бұл«Цифрлық Қазақстан» бағдарламасының жемісі

e.Gov.kz порталына жеке тұлғаларды тіркеудің 7 түрі бойынша жүргізіліп жатыр. Бұл туу және қайтыс болу, неке қию әрі неке бұзу, баланы асырап алу, әкелікті анықтау, тегін ауыстыру. Себебі 2008 жылдан бастап бұл деректер электронды жүйеге енгізілген. Ал 1937 жылдан бергі қарай тіркеулердің бәрі жазбаша түрде мұрағаттарда сақталып келген.  Тіпті e.Gov.kz порталына жеке деректерде қандай да бір қателіктер кетсе, оны түзетуге болады.

Меңтай САТЫБАЛДИНА, облыстық АХАТ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Әр азамат өзінің e.Gov.kz сайтынан тіркелгендігі жайлы мәліметті тексере алады. Егерде жүйеде өзінің мәліметі туралы таппаған жағдайда, немесе қате болған жағдайда сол жүйе арқылы заявка бере алады. Сол бойынша АХАЖ бөлімі тексеріп, оны корректировкадан жасап, жүйеге жібереді.

Қарағанды облысында қазір 4,5 млн акт жазбалары мұрағатта сақталған. Сондықтан 2018 жылдан басталған цфрландыру шарасы әлі жалғасын табуда. Қазір  400 000 актіге өзгеріс енгізілген. Бүгінде сайт арқылы түскен 200 өтінім ауыстырылу үстінде.              

Меңтай Сатыбалдина, облыстық АХАТ бөлімі жетекшісінің міндетін атқарушы:

-Мемлекеттік органдар ешқандай да сұраныссыз жүйеден мәлімет ала алады. Ертең ностариусқа барса да, туыстық қатынас туралы ешқандай құжат жинамай жүйеден алуға болады. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА  

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар