ЧЕХИЯДАН ІРІ ҚАРА МАЛ ӘКЕЛІНДІ

12:42, 8 мамыр 2019

Чехиядан Осакаров ауданына 92 бас асыл тұқымды мал әкелінді. «Салтанат» шаруа қожалығы сементал тұқымды сиырларды жайылымға жіберді. Бұл «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасының жемісі. Еуропадан әкелінген бұл Зеңгі баба тұқымының ерекшелігі етті әрі сүтті мол береді

Жеті күнде шекараны асып,  бірнеше шақырымды еңсерген бұл асыл тұқымды сиырлар бүгін соңғы аялдамасына жетті. Жолдың алыстығына және климаттың ауысқанына қарамастан бірден жерсініп кетті.  «Салтанат» шаруа қожалығы «Евразия Инвест LTD» ЖШС пен әріптестік орнатқан. Сондықтан тың жоба жақсы  нәтиже беретініне сенім мол.

Қадірбек Мейрамбеков, «Евразия Инвест LTD» ЖШС директоры:       

-Бірінші бұзаулайтынды біз 20150 Евродан алып келдік. Бұл осында әкелуі страховкасы. Егерде бірдене болып қалса, ақшаны сол әкелген компания қайтарады. Келесі партияны уже 10-12 айлық тайшаларды аламыз. Олардың бағасы төмен. 

Жоба «Сыбаға» бағдарламасы бойынша қаржыландырылды.  Шаруа қожалық 15 жылға 4-6 пайыздық жеңілдікпен несие алған.Мұндай асыл тұқымды әр ірі қараға мемлекет тарапынан  қосымша 225 мың теңге субсидия беріледі.

Бауыржан Баймұқаш, «Аграрлық несие корпарациясы» АҚ Қарағанды облысы бойынша филиал директоры:

-Субсидия ретінде 225 мың теңге племенной малға 175 мың таза тұқымы малға төленеді мемлекет тарапынан. Бұл субсидияға фермерлерге көмек ретінде төленіп, бұл кредиттің жабылуына бағытталады. Бүгінде Қарағанды облысы бойынша 12 несие серіктестігі бар.

Шаруашылықта әкелінген қара малға арнайы қоралар салынған. Мамандар 3 айдың ішінде ірі қара несиені  толық төлеп шығады деген сенімде. Бұл асыл тұқымдының бір  ерекшелігі, дұрыс күтім көрген жағдайда төлдері тәулігіне 1 келіге дейін салмақ қосады.

Гүлбақша Ақажанова, тілші:

-Симентал тұқымды ірі қараның бір ерекшелігі олар азық талғамайды. Бастысы алдарынан шөп үзілмеуі керек. Күніне 1 сиыр 12 келі шөп, және 5 келі жем дейді. Сонда ғана нәтиже болады. Дәл қазір мына сиырлар сламағы 600-700 келіге тартады. Кейін 1 тоннаға дейін барады.

«Салтанат» шаруа қожалығында  бұдан бөлек қазір  400 бас ірі қара мал бар. Ал симентал сиырлардыңң  әрқайсысының бағасы 900 мың теңгеге жуықтайды. Құны қымбат болғанымен өнімі мол.  Жеке қожалық алдағы уақытта  осындай малдың  әлі 500-ін әкелмекші.

Сырым Бошпанов, облыстық ауылшаруашылық басқармасы жетекшісінің орынбасары:

-Осы 1-2  жыл көлемінде келген төлді алған кезде асыл тұқымдылар өзіміздің тұрғылықты малдан айырмашылығы олар салмақты жиі қосатындықтан экспортқа шығаруға болады. Оған дейін бізде экспортқа шығару үшін 2-3 жыл ұстау керек болған.

Қарағанды облысы бойынша биыл шет елден 10 000 бас асыл тұқымды малды жайылымға  жіберледі деп жоспарланған.  Бұған мемлекеттен 6 милард теңгеден астам қаржы бөлінген. Соның 650 ірі қараны «Аграрлық несие корпарациясы» мен    «Сыбаға» мемлекеттік бағдарламасы арқылы қаржыландырмақ.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
17:48, 24 маусым 2019
ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗДЫ НЫСАНДАРДЫ АРАЛАДЫ
Толығырақ...
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ  ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
17:24, 24 маусым 2019
«НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫ ҚОРЫТЫНДЫЛАНДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар