БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

12:18, 11 тамыз 2020

Қаражал қаласына қарасты Жәйрем кентінде мешіт жамағаты бұлақ көзін ашты. Енді жолаушылар табиғи таза тірлішік нәрімен сусындап, шөлін басатын болды. Бұл Қазақстан мұсылмандарын діни басқармасының 30 жылдық мерекесіне Қарағанды облысының ұйымдастырып жатқан 30 игі іс шарасының бір парасы

Тұма бұлағы Жәйрем кентімен Түгіскен ауылының дәл ортасында орналасқан. Кезінде бұл жердегі молынан аққан суды малшаруашылығына пайдаланған. Кейін   суы сарқылып, көзі бітеліп, мынандай тегіс жерге айналған.  Араға 40 жыл салып, жәйремдік жамағаттың  және жергілікті әкімдіктің қаржылай қолдауымен қайта жаңғыртты.

Жәйремдік  белсенді қайырымды жандар бірінші бұлақ көзін тазалап алған. Су 1,5 метр тереңдікте шыққан.  Маңайын аббаттандырып, орындықтар қойылып,  тұрғындар шөлін басып,  емін еркін демалуға барлық жағдай жасалынған.

Бұлақ суының минералды құрамы адам үшін өте пайдалы. Улы элементтері мен патогендік бактерилдары жоқ. Яғни қайнатылмаған және сүзгіден өтпеген табиғи күйінде құнды.

Қалкен ӘБЕНОВ,  тұрғын:

-Алыстан тас жолмен өтіп бара жатып көреді ғой. Тастай таза суды ішеді. Үйіне алып кетеді. Керемет нәрсе ғой. Ең бір тиімділігі бұл бұлақ тура трассаның бойында орналасқан. Талай жолаушылар бұл судың дәмін татып өтетін болады. Дер кезінде жас алған дүние болды деп ойлаймын.

Игі шараға қатысқан Қарағанды облысының бас имамы халықты таза сумен қамтамасыз ету сауапты іс,-дейді. Оның үстіне бұлақтан аққан су  жыраға құйылғанда малда іше алады. Алдағы уақытта Қарағанды аймағы бойынша Жаңаарқа мен Бұхар жырау аудандарында мұндай ілкімді істер жалғасын таппақшы.

Өмірзақ БЕКҚОЖА,  Қарағанды облысының бас имамы:

-Мекке қаласының өзі тұрғызылғанда сол бұлақ себеп болған. Зәмзәм бұлағы пайда болған сон сол  жерге Мекке салынған. Жана мен осы Жәйрем кентіндегі тұрғындарға айттым, бұл бұлақтың көзін ашып, осылай аббаттандырып қою, ол бір меккені тұрғызғандай сауабын аласындар деп батамызды беріп жатырмыз.

Жәйрем кентіндегі мешіт имамы Мурсали Ақмағанбет  биыл тағы осы аумақтағы 3 бұлақтың көзін ашу жоспарланғанын атап өтті. Бұл қайырымды іске жалпы Қаражал қаласының әкімдігі мен халық барынша қолдау көрсетуге әзір. Қазақстан мұсылмандарын діни басқармасының 30 жылдық мерекесіне жамағаттың тартуы осындай болмақшы.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар