Бұлақ көрсе көзін ашу - Шет ауданының тұрғыны Тілеуғабыл Есенбекұлының өмірлік қағидасы

17:26, 2 тамыз 2016

Халықаралық грантқа қол жеткізген ол бүгінде өлкедегі бұлақтардың жағалауын мал баспайтындай етіп қоршап, табиғат байлығын қамқорлыққа алған.

Бұлақ басы  бұрын  адам көргісіз кейіпте болғанын ауданның әлеуметі жақсы біледі.Тіпті жаңбыр суы араласқан тіршілік нәрін жалпақ жұрт тұтынуға да мәжбүр еді. Одан қалса  төрт түлік те маңайын лайлап тастайтын. Ал қазір бұл жерді  бұрынғысымен  салыстыруға мүлде келмейді.  Айналасы темір шарбақпен қоршалған. Жыл мезгілдеріне  сай бұлақ үш бөлікке бөлініп тасталған.  Қайнардың  көзіне ауа шығаратын құбыр  қойылып, плитамен жабылыпты. Қараша үшін  қыста және жазда су алатын тиісті орындар жасалған.

Алдымен Тілеуғабыл Есенбекұлы шөлейт аймақтардың тұрғындарын ауыз сумен қамтитын бірегей жоба әзірлепті. Бағымды бастамаға сәйкес  Шет ауданы шаруа қожалықтары қауымдастығының жетекшісі Еуроодақ пен еуро комиссия және ҚР Үкіметінің ынтамақтастығы аясында 2,5 миллион теңгенің грантына қол жеткізіп отыр.Үш тараптың мақсаты  жасыл экономикаға көшу  бағдарламасына көмектесе отырып, белді бизнес өкілдерін қолдау.

Жалпы Қарағанды облысына дәл осы іспеттес  он грант бөлініпті. Қазір меценат 3 үш бұлақты  қалыпқа келтіруде. Ал Жанқұтты би бұлағына апаратын 150 метр жол жөнделіп жатыр. Қиыршақ тас төселіп, тақтайдай етіп тегістелуде. Бұлақтың екі жағы жырылып, арық та қазылыпты. Енді ол маңға лай су бармайды. Әрі  үйлердің іргесі  де ылғалданбайды. Қария өз қаржысына Ағыбай батыр мен Шортанбай жыраудың басына мәрмәрдан тас та қойған.  Шаруларға да желден қуат алатын электр станциясын орнатып беріп, талай рет мәрттік танытқанын жерлестері жыр қылып айтып жүр.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар