Бүгін Қарағанды қаласының тұрғыны, тыл еңбеккері, құрметті әлеуметтік сала ардагері Сармолда Әубәкіров 95 жасқа толды

18:27, 11 қаңтар 2017

Ел ағасы бірнеше жылдар мұғдарында облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін басқарған. Аймақтың өркендеуіне елеулі үлес қосқан азамат «Еңбек Қызыл Ту» орденімен марапатталған. 2-ші, 3-ші дәрежелі «Кеншілер даңқы» белгісінің иегері. Ақсақалды торқалы тойымен облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков құттықтады

Сармолда Әубәкіров 95 жаста болса да әлі де тың. Жылдар бойы қандай қызметтер атқарғандығын өзі баяндап берді. Еңбек жолын мұғалім болып бастаған екен. Кейін №20 шахтада жұмыс істеп, осында комсомол ұйымының хатшысы ретінде сайланған. Ұлы Отан соғысы жылдары ішкі істер халық комисариятына шақырылып, онда тергеуші болып қызмет еткен. Ал облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөлімін 23 жыл басқарған.

Сармолда Әубәкіров облыстық әлеуметтік қамсыздандыру бөліміне жетекшілік етіп жүргенде талай жобаларды жүзеге асырған. Аймақта интернат үйлерін және мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған орталықтарды салу идеясын да ұсынған осы азамат. Мұндай үйлер облыс бойынша бірінші Қарқаралы мен Қарағанды өңірлерінде пайда болған екен.  Облыс әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков ел ағасын 95 жас мерейтойымен құттықтай келе, адал әрі ерен еңбек етуді жастар  Сармолда Әубәкіровтей ақсақалдан үйрену керек деп атап өтті.

Кездесу барысында құрметті қарияның көзкөрген әріптестері оның адамгершілік, әзілқой  қасиеттерін айтып, қызықты естеліктерімен бөлісті.  Қазір Сармолда Әубәкіровті жапырағын жайған бәйтерек деуге болады. 6 баласынан 12 немере, 30шөбере, 1 немене сүйіп отыр. Еңбек ардагеріне қарағандылықтар атынан облыс әкімі сый сыяпаттар табыстады.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...