Бүгін - Халықаралық мұражай күні

21:03, 18 мамыр 2017

Жақында облыстық тарихи-өлкетану музейі тағы бір құнды дүниемен толықты. ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары Ақмола өңіріне аға сұлтан болған Шыңғыс тұқымынан шыққан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының әулетіне тиесілі кіреуке сауыт бір ауыз аманаттың арқасында бүгінгі күнге жеткен. Ол кеншілер шаһарындағы мұражай қорында сақтаулы тұр

1830 жылы  Батыс-Сібір губернаторлығына қарасты  Қараөткел аймағында Ақмола деп аталатын төртінші округ құру жөніндегі Патша жарлығы шыққан. Ал оған аға сұлтан болып  1832 жылы кешегі Тәуке, Есім, Сәмеке  хандардың ұрпағы Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы  сайланды. Осы Қоңырқұлжа әулетіне тиесілі кіреуке сауытты 1923 жылға дейін ұрпағы Нұрмұхамбет Тұңғатаров қолында ұстап, кейін жиені Леонид Семеновқа аманаттап тапсырған. Ақмола мұражайының басшысы Леонид Семенов қызмет бабымен Қарағанды жағына қоныс аударғанда көзінің қарашығындай сақтап жүрген сауытты өзімен ала келген.

Дархан ШАШЕНОВ, Қарағанды облыстық тарихи-өлкетану мұражайының қызметкері

Леонид Семеновтің өзі бұл кісілердің ұрпақтары болып табылады. Ақмола облысының ғана емес, Қарағанды, Алматы  мұражайларының ашылуына, негізінің қалануына себепкер болған кісі.  1938 жылдан бастап 1958 жылға дейін біздің облыстық музейдің директоры болған.

Екі жүз жылдан астам тарихы бар көне сауытты Қоңырқұлжаның ұрпақтары    мақтан тұтады. Әр шығыршығы мұқият бекітіліп, шеберлікпен тоқылған. Кіреукенің түрлері көп. Соның ең күрделісін тоқуға 20 мыңға дейін шығыршық кетеді екен. Яғни, оны жасау темірдей төзім мен ыждаһаттылықты қажет етеді.

Асылбек АЛТЫНОВ, Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ұрпағы

Қоңырқұлжа ұрпақтарының атынан мұражай қызметкерлеріне айтар алғысымыз шексіз. Осы күнге дейін сауытты сақтап келді. Соғыс жылдары Ақмола мұражайындағы жәдігерлердің біразы ұрланған екен. Егер Леонид Семенов болмаса сауыт қолды болуы бек мүмкін еді.

Көне сауытты тарих ізімен іздестіре жүріп ұрпақтары оған қатысты қызықты деректерді жиыстырды. Бұл Мұражай төрінен орын алған жәдігерге қатысты ақпаратты толықтырып, тарихи негізін аша түсті,-дейді мекеме қызметкерлері.

Руслан НҰРЛАНҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...