БРАКОНЬЕРЛЕР ҰСТАЛДЫ

16:12, 14 қаңтар 2021

Қарағанды орман және жануарлар дүниесін қорғау шаруашылығының мамандары Нұра ауданындағы рейд кезінде браконьерлерді ұстады

Олар түнгі сағат екіде Щербаковский ауылында Охотзоопром инспекторларымен және аумақтық инспекциямен бірге табылды. Броконьерлердің көлігінде 3 киіктің басы мен терісі болған. Құралайды атып, пайда қылғандардың біреуі ұсталды. Қазір оның серіктесін іздеу үстінде. Браконьерлерді ақбөкендердің тіршілік ету ортасын бақылаумен айналысатын Қарағанды орман шаруашылығының жедел тобы анықтады. Мамандардың айтуынша, көптеген браконьерлер олардың әлсіреп, жүдеген кезінде бірден атып алады екен. Киіктерді заңсыз аулағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар