БОС ОРЫНДАР ЖӘРМЕҢКЕСІ

12:38, 22 мамыр 2020

Қарағанды қаласының Октябрь ауданында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өтті

Медициналық қызметкерлер мобильді көшпелі пунктте санитарлық талаптардың сақталуын қамтамасыз етіп,келушілердің дене қызуын арнайы өлшеді. Бұны біз  - Карантин талаптарының ерекше орындалысы деп, білдік.

Көшпелі түрде, ашық аспан астындағы жәрмеңкені өткізу дәстүрге айналған.Мобильді жылжымалы пункті - жұмыссыздарды еңбекке орналастыру бойынша қызмет көрсетті.Осы жылы бұл шара осымен үшінші рет ұйымдастырылып отыр.Оның алғашқысы  наурыз айының басында яғни, Елімізде  Төтенше жағдайлар режимі еңгізілгенге дейін  өткен. Карантин жүйесіне байланысты бұл жолғы шара- мамыр айында қайрадан өз жалғасын тапты.Осында келген  жұмыс іздеушілердің қарасы қалың болды,- дейді, Қарағанды қалалық әкімдігінің жұмыс пен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығының директоры Нұржан Сыздықов. Сала басшысы: карантин уақытында  қала тұрғындарының бір жерден екінші жерге сабылып  жұмыс іздеп бармауы үшін осындай көшпелі мобильді  бос жұмыс орындары жәрмеңкесін арнайы ұйымдастырдық,- дейді.

Нұржан СЫЗДЫҚОВ, ҚЖҚ әлеуметтік бағдарламалар орталығының директоры:

Онда, қоғамдық жұмыс, жастар тәжірибесі, нәтижелі жұмыспен қамту және әлеуметтік жұмыс орындары бойынша төрт бағыт қамтылды. Жұмыс іздеушілерге сала мамандары тарапынан ақыл-кеңестер берілді. Ал, өз мамандықтары бойынша жұмыс тапқандар арнайы жолдамаларға қол жеткізді.  

Жұмат БҰЛАМБАЕВ, қала тұрғыны:

Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде  бульдозер машинисі, автогрейдер жүргізушісі, электрмен дәнекерлеуші, жол жөндеуші және басқа да, мамандықтар бойынша ұсыныстар айтылып екі қолға бір күрек іздегендер жұмысты болды. Осы жолы Октябрь ауданының Пробация бөлімі бұрынғы істі болған 14 адамды жәрмеңкеге арнайы әкелген. Полицияның жіті бақылауындағы азаматтар да бұл жолы өз мамандықтарына сай қызмет тапты.

Сәуле КҮНҒОЖИНА, аудандық пробация бөлімінің  аға инспекторы:

-Октябрь ауданының пробация бөлімінде 476 жазасын өтеуші тіркеде тұр.Оның 14-і жұмысқа орналасты.Арнайы жұмысқа жолдамалар берілді.Жұмыспен қамту орталықтарының қолдауы зор  

Жыл басынан бері қалалық жұмыспен қамту орталығына 2 мыңннан астам адам  өтініш білдірсе, соның 1500 ге жуығы жұмысты болған. Қазіргі таңда Қарағанды қаласы бойынша құны 26,5 миллиард теңге болатын 120 нысанды жөндеу жұмыстары басталды.Олардың қатарында білім және мәдениет,спорт пен коммуналдық шаруашылық мекемелері бар.Сәуір айынан бері, «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 250 адам еңбекпен қамтылған.

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар