БОЛАШАҚ ШЕБЕРЛЕР

17:26, 19 наурыз 2019

Қарағандыда тепловоз машинисінің көмекшілері арасында алғаш рет халықаралық олимпиада басталды. Додаға Қазақстан мен Ресейдің «Теміржол жылжымалы құрамдарын пайдалану және жөндеу, техникалық қызмет көрсету» мамандығы бойынша колледж студенттері бақтарын сынауда

Тепловоз машинисінің көмекшілері арасында халықаралық олимпиада Қазақстанда алғаш рет ұйымдастырылып отыр. Оған Ресей Федерациясы мен Қазақстаннан барлығы  13 студент қатысуда.

Никита  ЛЮТОВ, олимпиада қатысушысы /Киров қаласы/:

-Мен үшін бұл екінші үлкен олимпиада. Біріншісі Саратов қаласында болды. Негізінен,  оқытуға қарамастан кәсіби деңгейдегі  мәселелермен айналысамыз. Біз  болашақ мамандығымызды таңдаған соң,  оны кәсіби түрде жүргізуіміз керек. Жоғары деңгейде жұмыс істеуге тырысамыз.  Жұмысымызды жалғастырамыз, халыққа қызмет көрсетеміз.

Олимпиаданың ашылу  салтанатына теміржол, білім беру бөлімінің өкілдері  мен депутаттар қатысты.Қатысушылар алдында сөз сөйлеген Қарағанды қаласы мәслихатының хатшысы Құдайберген Бексұлтанов барлық қатысушыларға жеңіс тіледі.

Кұдайберген БЕКСҰЛТАНОВ, Қарағанды қалалық мәслихатының хатшысы:

- Жастар - біздің еліміздің болашағы.Сіздерді  кәсіби шеберлік олимпиадасы басталуымен құттықтаймын. Олимпиадаға қатысқандарыңыздың өзі жеңіс.Болашқта қажет болатын тәжірпиебе аларына сенімдімін. Мұндай шаралар  арқылы үлкен тәжірибе аласырына сенімдімін.

Екі күн бойы қатысушылар конкурстық сынақтардан өтеді. Бірінші күні  40 сұрақ бойынша тест тапсырады, Ал, ертең жасөспірімдер локомотивтерді басқару  деңгейлерін  көрсетеді.

Мертай БИЛЫБАЕВ,  Қарағанды теміржол колледжі директорының орынбасары:

- Тұтастай алғанда, кешке дейін біз цехтерде дөңгелектерді өлшеу, тежегіш сызығын бөлшектеумен айналысамыз. Ертең біз тепловозбен Депоға барамыз.

Олимпиаданың жүлдегерлері мен қатысушылары ұпай саны бойынша  анықталады. Жеңімпаздарға сертификаттар, сыйлықтар мен арнайы кубоктар дайын.. Айта кету керек, өткен жылы Қарағанды теміржол колледжінің студенті Нижний Тагил қаласында өткен халықаралық олимпиадада бірінші орынды иеленді.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар