БОКСТАН ТУРНИР БАСТАЛДЫ

13:22, 15 мамыр 2019

Облыс орталығында бокстан Азия чемпионы Ермек Серіковті еске алуға арналған республикалық турнир жалауын көтерді. Үш дүркін Азия чемпионы болған жерлесіміздің құрметіне арналған сайыс төрт күн өтеді

Талай әлемдік турнирлерде Қазақ туын желбіретіп жүріп, өмірден ерте  кеткен Ермек Серіковті еске алу турнирі биыл төртінші рет өткізілді. Жиналған қауым алдымен, спорт саңлағының ерлігі мен даралығын еске алды. Англия, Вьетнамдағы додода жүлде алған былғары қолғап шеберінің  құрметіне арналған сайыста  әділдік өтері сөзсіз- дейді бас төреші Қайрат Кәрімтаев.

Қайрат КӘРІМТАЕВ, жарыстың бас төрешісі:

-Қатысушылардың барлығы  тиянақты дайындықпен келген. Былтырғы жылы Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан боксшылары жоғары нәтиже көрсеткен болатын. Биыл да, барлық облыстың өкілдері  қатысқан болатын.Боксшылар  былтырғы ереже бойынша сынға түседі. Қарағандыда ойын әділ бағаланады. Сондықтан,.шын мықтылар жеңіске жетері сөзсіз.

Араға уақыт оздырмай жарыстың алғашқы жұбы шаршы алаңға шықты. Бірінші раундтан-ақ, қарсыласына ауыр соққылар жұмсап үлгерген Теміртаулық Дидар Төребеков 3 кезеңде де басымдықты қолдан бермеді.  Мақсат-бас жүлдені қанжығаға байлау- дейді, спортшы.

Дидар ТӨРЕБЕКОВ, жас спортшы:

-Бүгінгі жарыс өте жоғары деңгейде өтуде. Ермек Серіковты барлығымыз танимыз. Мен де Азия, Әлем және Олимпиада чемпионы болғым келеді. Ол үшін аянбай еңбектенемін.

Көпшілік асыға күткен шаршы алаңдағы тартыс 10 салмақ дәрежесі бойынша сарапқа салынды. 70 жуық былғары қолғапшылардың бәсекесі таланаттардың жол ашады- дейді, олимпиадаға  қатысушысы Абылайхан Жүсіпов.

Абылайхан ЖҮСІПОВ, бокстан жасөспірімдер арасында әлем чемпионы:

-Жігіттердің намысы өте жоғары. Осы жарыстан   болашақта Қазақ елінің атын танытатын  спортшылардың шығары анық. Бұл боксшылардың  мүмкіндіктерін ашатын  жоғары деңгейдегі турнирге айналып отыр.

Байрақты бәсекеде былғары қолғап шеберлері төрт күн ішінде өзара кім мықтыны анықтайды. Сайыстың соңғы екінші  күнінде Ресейден Өзбекстаннан  спортшылар келеді деп күтілуде.

Мақсат БЕЙСЕНАЕ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар