БЛОК - БЕКЕТТЕР АЛЫНУДА

17:00, 1 маусым 2020

Қарағандылықтар өз жеке көліктері мен кез-келген елді-мекенге қатынай алатын болды.Бүгіннен бастап аймақ бойынша блок-бекеттер алынып тасталды.Қанаттас Теміртау қаласы мен Бұқар жырау ауданында да,бір қалыпты жағдай қалыптасты

Облыс орталығының кез келген қала, ауданына тіпті шалғайдағы елді-мекендеріне қоғамдық көлік пен тіпті, өз жеке меншік техникасы мен қатынауға болады.Темір жол көліктері  де, осындай мүмкіндікке қол жеткізген.Оның  Бұқар жырау ауданы орталығы мен Теміртау  қаласына да қатысы бар.Бір айта кетерлігі, блок-бекеттердің алынуы -Карантин режимінің шектелгенін білдіртпесе керек.   

Есенболат ЕГІНБАЙҰЛЫ, Теміртау қаласы ЖПБ-басшысы :

-Теміртау өңірі бойынша 1 маусымнан бастап блок-бекеттер алынып тасталды.Бірақ, карантиндік жүйе сақталуда.Сондай-ақ, 4 ведомство-аралық комиссия құрылды.Араларында эпидемиологтар «Атамекен» палатасының өкілдері мен құқық қорғау және басқа да, саланың қызметкерлері бар.  

Сейітқали ӘШІМ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар