«Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы басталғалы Шет ауданында 83 жаңа жұмыс орны ашылыпты

16:35, 26 маусым 2017

Мемлекет бөлген 210 млн теңге қаржыны қазір жас кәсіпкерлер тиімді пайдаланып, өз істерін ашып, бизнесін дамытуда. 2016 жылы тағы 6 жоба жүзеге асырылады деп жоспарланып отыр

Жас кәсіпкер Мадияр Ибрайкин былтыр өз бизнесін бастап, Фото және билборд шығаратын шағын цех ашады. Облыс әкімінің жас кәсіпкерлерге беретін грантын жеңіп алып, түскен қаржыға кеңформаттағы принтер сатып алыпты.  Мұнда енді фото монтаждалып, дизайнерлік жұмыс  тыңдырылып, кез-келген көлемдегі суретті басып шығару мүмкіндігі бар. Бұрын аудан ағайындары мұндай көлемдегі жарнама парақшалары мен билбордтарды  шығару үшін қалаға сабылатын. Енді бұл мүмкіндікті «Ибрайкин» кәсіпкерлігі жасап отыр. Тапсырыс аудан көлемінен бөлек Қарқаралы, Жаңарқа, аудандарынан да түседі екен. Биыл Мадияр Ибрайкин «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша өз ісінің ауқымын кеңейтпекші. Шет ауданында «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы аясында 5 жылда 7 жоба жүзеге асырылыпты. Яғни бір кәсіпкер мал бордқылау алаңын  салып, ірі қара бас санын көбейтсе, енді бірі ауыр жүк көлігін сатып алып пайда көзін тапқан. Мемлекет қолдауының арқасында бизнестерін кеңейтіп, дәулетін арттырып жатқандар да бар. 

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар