БИЗНЕСТІ ДАМЫТУҒА МҮМКІНДІК БЕРІЛДІ

16:36, 3 қыркүйек 2019

Елімізде​ ​​ шағын кәсіпкерлікпен айналысатын азаматтар үш жылға салықтан босатылады. Бұл жайында Президент өз жолдауында айтты

Сонымен қатар, келесі жылдың қаңтар айынан бастап, микро және шағын бизнесті тексеруге үш жылға тыйым салынады. Мұндай шаралар өз ісін жаңадан бастаған кәсіпкерлерге, бизнесін домалатып, жұмыс орындарын ашуға жақсы мүмкіндік береді дейді бизнес қоғамдастығының өкілдері. Айта кету керек, қазір Қарағанды облысында 87 мың шағын кәсіпкерлік субъектісі бар.

Серік САНАУБАЕВ, Қарағанды облысы  кәсіпкерлер қауымдастығының  атқарушы директоры:

-Салықты қайдан алуымыз керек, шағын бизнестен орта бизнеске барғаннан кейін барып сол жерден алуымыз керек, өйткені орта бизнес аяғына тік тұрған, өзінің болашағына сенімді және клиенттері бар.Бизнесмен деген ол тек қана өнімді шығарумен айналысу керек, қызмет көрсетумен. Басқа нәрселердің барлығы үкімет бар, бизнес саласына қарайтын өкілдіктер бар бәрін біз өзіміздің қолымызға алуымыз керек. Мынандай қолдау бар, мынандай жағдай жасалған үкімет тарапынан деп енді ол әрі қарай бизнестің дамуына үлкен ықпалын тигізеді.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
16:33, 18 қазан 2019
РУХАНИ КЕЛІСІМ-ТҰРАҚТЫЛЫҚТЫҢ ІРГЕТАСЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар