БИЗНЕСТЕ - САУАТТЫЛЫҚ ҚАЖЕТ

17:07, 20 мамыр 2019

Қарағанды қаласында кәсіпкер әйелдердің «KMF Isker hanymy» аймақтық конференциясы өтті. Елорда мен және еліміздің әр өңірінен келген 150 ге жуық бизнестегі нәзікжандылар өз кәсібінде кездесетін көкейкесті мәселелерді талқылады

Бұл нәжікжандылар бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербете алатын жандар. Олар бір уақытта бизнесін ашып, көлік жүргізіп, дастарханын жайнатып, бала тәрбиелей алады. Бірақ, кәсіпкерлікті жалғыз өркендету оңай емес.  Қаржылай және ақпараттық қолдау қажет. Бұған  «KMF Демеу»  копаративтік қоры көмек береді. Мәселен қарттар үйінің директоры Татьяна Адиетова өз бизнесін дамыту үшін тиімді несие алған

Татьяна АДИЕТОВА, «Благодать» қарттар үйінің директоры:

-Біз бір үйді жалға алып жұмыс жасадым. Сатып алатын уақыт болды бірақ жиналоған ақшам жетпеді. Сол сәтте микроқаржыландыру компаниясының көмегіне жүгіндім. Бірнеше жыл осы ұйымның клиентімін. 20 млн теңге ақшаны үйді сатып алу үшін  алдым.

Конференция тақырыбы Қарағандылық іскер ханымдары үшін өзекті.Оларға  Тәжірибелі жаттықтырушылар тауар мен кәсіпкерлік қызметін дамытуда жаңа технологиялардың түрлерін түсіндіріп берді.   Ұйымдастырушылардың пайымдауынша,  еліміздегі нәзікжандылар  бұл саланың   заманауи әдістерін білуі керек. Сондықтан бүгінгі конференцияға ең мықты деген мамандар тартылған.

Елена САДИКОВА, бизнес  - жаттықтырушы (Алматы):

-Біз әйелдер не қалайтынын түсінуіміз керек. Бастаған ісіне барлық көңілін бөліп кірісуі тиіс. Кейін өзін шабыттандырса, кез келген жұмысты дөңгелете алады. Басты мақсат ақша табу емес, әр әйелге жасап жатқан жұмысы ұнауы тиіс, содан ләзат алуы қажет.

Бизнесіне қолдау тапқанның бірі Марал Жұмаділдина. Оң саусағынан өнер тамған  жан қазақтың ұлттық киімдерін тігіп, сатады. Оның қолынан шыққан мына кестелі шапандар мен оюлы бешпеттер көздің жауын алады. Марал Жұмаділдина  «KMF»  микроқаржылық ұйымы арқасында көмек алып,   кәсіпкерлігін дамытқан.

Марал ЖҰМАДІЛДИНА, жеке кәсіпкер:

-Тігін өнеркісібін дамытып жатырмыз. Осындай КМF тің берген несиесінің арқасында жұмысымызды одан әрі өркендетіп жатырмыз. Өте жақсы дамып жатыр. Қолымыздан шыққан өнер. Қазақтың киелі өнерін одан сайын үлкейтіп дамытқым келеді.

2006  жылдан бастап «Бизнес және әйел» атты конференцияға  Микроқаржылық ұйымынан 2000  клиент  қатысқан. 

Жандос ТҰРСЫНБАЕВ, «KMF» Қарағанды филиалының аймақтық директоры:

-Бұл жерде КМF компаниясы тек қаржылай қолдау емес, оқыту мақстаында жүзеге асырады. Тегін түрде оқыту жүргіземіз. Оған бір жобаны бизнесті қалай ашу. Салыстармалы түрде салыстырып бизнесті дамыту. Соның бәріне көңіл аударамыз.

Микроқаржылық ұйымынан несие алушылардың 60 пайызы әйелдер қауымы болса, оның 6 мыңы Қарағанды облысынан.  Мамандар кәсіпкерлік бағытының тиімді тұстары мен бизнесті сауатты жүргізу жолдарынан кеңес беруге әрқашан дайын.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар