БИЗНЕСКЕ ҚОЛДАУ

14:13, 12 сәуір 2019

Қарағанды облысында «Бизнестің жол картасы -2020» мемлекеттік бағдарламасы қарқынды жұмыс істеуде. Биылғы жылы 4,5 миллиард теңгеге 51 жоба жүзеге асырылыпты. Кәсіпкерлер тиімді несие алып, бизнестерін кеңейтуде. Бұл туралы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының директоры Тимур Екеев орталық коммуникациялар алаңында айтып берді

Облыста шағын және орта бизнестің 80 мыңнан астам субьектілері бар. Олардың тең жартысы сауда саласында. Кәсіпкерлердің көбі «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы арқылы тиімді несие алған. Сыйақы мөлшерлемесінің  бір бөлігін «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорымен субсидияланады. Қор 1997 жылы құрылған. Оның негізгі мақсаты- кәсіпкерлікті қолдап, оның аясын кеңейту.

Тимур ЕКЕЕВ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ҚОФ директоры:

-Қазақстанда мемлекеттік қолдау белсенді түрде жалғасуда. «Бизнестің жол картасы» өз құндылығын дәлелдеді және бүгінгі күннің жоғары сұранысына ие.

Аталған бағдарлама аясында аймағымызда жаңа кәсіпорындар ел игілігіне беріліп,  мүмкіндігі кеңейіп жатыр. Сәйкесінше жаңа жұмыс орындары да ашылуда. Жыл басынан бері 200-ден  аса адам еңбекпен қамтылған.

Тимур ЕКЕЕВ, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры АҚ ҚОФ директоры:

-Бағдарламаның негізгі мақсаты - бар жерлерді сақтап, жаңа орындарды құру. Бағдарлама аясында «Даму» қоры қаржылық емес және қаржылық қолдау шараларын ұсынады

Биылғы жылы  мемлекеттік бағдарлама арқылы тағы 260 жобаға қолдау көрсетіледі. Айта кету керек, «Бизнестің жол картасы -2020» 2025 жылға дейін ұзартылған.

Райхан САЙРАНБЕК

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар