БИЗНЕС ОРТАЛЫҚТАРЫ – ЕЛ ИГІЛІГІНЕ

15:37, 7 ақпан 2019

Шет ауданына қарасты Ақадыр кентінің тұрғындары енді қажетті тұрмыстық заттармен киім-кишек сатып алу үшін қалаға ат терлетіп бармайтын болады. Биыл жыл басталғаннан бері 4 бірдей бизнес орталығы ашылды. Бұл әмбебап дүкендер мен сән салоны

Жеке кәсіпкер Данияр Игенов әмбебап дүкенін ашып халық игілігне берді. 6 жылдай уақыт бос тұрған ғимаратты қайта қалпына келтіруге 5 млннан аса қаржы жұмсаған. Мұнда киім-кишек, көкөніс, ет өнімдері сатылады.  Қазір 17 дүңгіршекті сатушылар жалдап қолдануда. Тіпті такси қызмет орталығы да осында жұмыс істейді.  Келешкте жеке кәсіпкер ғимараттың екінші бөлігінде жөндеп, азық-түлік сататын сауда орнын салмақшы.

Данияр ИГЕНОВ, жеке кәсіпкер:

-Талап қойып жатырмыз. Мысалы ол кісілер бағаларды бағаларды тым жоғарғы қоймайды. Яғни төмен бағада сатсын деген жалға алушыларға талап қойып жатырмыз. Жалпы халыққа ыңғайла сияқты. Елдің бәрі жақсы деп қуанып келіп жатыр.

Ал Жанат Тонтаев тұрмыстық заттар сататын дүкен ашты. Сауда орталығында электронды тұрмыстық бұйымдарда саудаланады. Сапасы жоғарғы, құны  қолжетімді. Тіпті  бизнес орталығы  арнайы тапсырыстармен де жұмыс жасайды. Жаңа нысанды салуға  жеке кәсіпкер 10 млн  теңге қаржы жұмсаған. Дүкеннің ашылуымен 10 адам жұмыспен қамтылды.

Жанат ТОНТАЕВ, жеке кәсіпкер:

-Елбасы қолдау мақсатында және өзінің тұрып жатқан кентке қосып жатқан үлес арқылы дүкенді ашып жатырмыз. Ашу мақсатымыз халықтың сұранысына қарай осындай туарларды әкеліп жатырмыз.

Ағадыр кентінің тұрғындарын қуантқан тағы бір жаңалық, сән салонының ашылуы.Орталық жасқа да жасамысқа да қызмет көрсетеді. Мұнда тырнақ сәндейді,  той думанға қыз-келіншектерді дайындайды.Күніне мұнда 20 ға жуық адам мамандардың көмегіне жүгінеді екен.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА, тілші:

-Ағадыр кентінеде барлығы 10 ға жуық шаштараз бар. Ал сән салонына сұраныс  бұрыннан туындаған. Бұл жерде бір дегенде бірнеше шара рәсімдер жасауға болады. Яғни шашты қию, сәндеу, бояу. Ол үшін қажетті құралдардың бәрі бар.

Жалпы биыл қаңтар айының өзінде  Ақадыр кентінде 4 бизнес орталығы ашылып, 20 адам еңбекке жұмылдырылды. 2018 жылы мемлекеттік бағдарламалар көмегімен 9 кәсіпкер несие алып,  өз жұмысын жандандырған екен. Алдағы уақытта бұл ауылда көлік жөндейтін орталық пен азық түлік дүкені  еңсе тіктейді деп жоспарланған.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
17:15, 19 сәуір 2019
ЖИЫРМАДАН АСА ЖОЛ КӨЛІК ОҚИҒАСЫ ОРЫН АЛДЫ
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар