Біздің жедел желімізге Кирзавод 3-4 ықшам ауданының тұрғындары хабарласты

16:13, 8 тамыз 2017

Жергілікті халық «Қарағанды су» тазартқыш қондырғыларынан шығатын «жағымсыз иіс» берекемізді қашырды деп шағымдануда

Вот карты там, а сушат здесь возле нашего поселка. Есть ли у них разрешения на это. Травят нас. Это еще так. А когда свежее вообще дышать не возможно.

Кирзавод 3-4 ықшам ауданының тұрғындары  жағымсыз иістің құрбанына айналып отыр. Соңғы екі жыл бойы  тазартқыш қондырғылардан  шығатын иіс қолқаны қабады..  Жергілікті тұрғындар Ирина Пустовалова мен Сәрсенбай Сақтағанов бұл орынға арнайы келіп, жағаларын ұстады. Кәріз қалдықтары  тұрғын үйлерден бір шақырым жерде ғана жатыр.

Сәрсенбай САҚТАҒАНОВ Кирзавод 3-4 шағын ауданының тұрғыны

-Жел мына жақтан соққан кезде тыныс алу мүмкін емес, терезелерін ешкім мүлдем ашпайды. Біз іште қамалып отырмыз.

Кәріз жүйелерінің жағымсыз иісі  Кирзавод 3-4 ықшам ауданындағы ең шеткі үйлеріне де дейін жеткен. Осевая көшесінің тұрғындары далада тыныс алу мүмкін емес деп налиды. Айгүл Әбішева  тазартқыш қондырғыларынан шыққан иістің адам денсаулығына тигізер зиянын айтып жеткізу мүмкін емес- деп түңіледі..  Ол аздай бұл жердегі  үйлердің маңынан кәріз құбырлары өтеді екен.  

Айгүл Әбішева Осевая көшесінің тұрғыны

-Мына иістің кесірнен үлкен де , бала шаға да ауруға шалдықты. Тіпті жүрек талмасына шалдығып, дем демітпесі тарылып, қалқанша без ауруы өршіп кеті..

Екатерина Косорезова бірінші топтағы мүгедек. Жағымсыз иістен соңғы кезде оның денсаулығы тіпті нашарлағанын айтты. Сондықтан зейнеткер жиі жедел жәрдем шақыруға мәжбүр екен.

Екатерина КОСОРЕЗОВА бірінші топтағы мүгедек

- Үйдің ішінде отыру мүмкін емес, мына жағымсыз иіс толығымен пәтерді алып кеткен. Үйімізді сатпақшы болғанбыз, бірақ пәтерді көруге келген адамдар  иістен тұншығып, теріс айналып кетуде.

Қолқаны қабар иіске жертөленің иісін қосыңыз.Жертөлге жөндеу жұмыстарын жүргізу көпшілік үшін қымбатқа түсуде. Осы уақытқа дейін жасалған жұмыстардан еш нәтиже жоқ. «Қарағанды су» мамандары  апат орнына апта сайын келіп, кәріз жүйелерін тазартады екен. Алайда одан еш  нәтиже жоқ.  Мамандар «Қарағанды су»  бригадасы таяуда ғана Осевая көшесіне барып, кәріз құбырларын тазалағанын айтады. Алайда проблема тұрғын үй ішіндегі құбырларда болып тұрған көрінеді. Ал оны тұрғындар өз қаржыларына ретке келтіру қажет. Кәріз жүйелері толығымен ауыстырылмай жағымсыз иістен арылу мүмкін емес.

Айдана ДАСТАН, Райхан САЙРАНБЕК

Тақырып бойынша материалдар

Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының  XX сессиясы өтті
17:44, 15 желтоқсан 2017
Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының XX сессиясы өтті
Толығырақ...
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
17:42, 15 желтоқсан 2017
Үздік спортшы, ұстаз, әскери қызметкер және еңбек адамы
Толығырақ...
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жырау ауданында сән-салтанатымен тойланды
17:15, 15 желтоқсан 2017
Еліміздің басты ұлттық мерекесі-Тәуелсіздік күні, Бұқар Жыра...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Жүрекке  шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы көмек көрсету тәсілдерімен  студенттер жақынырақ танысты
16:43, 12 желтоқсан 2017
Жүрекке шұғыл, хирургиялық операцияны жасау немесе алғашқы...
Толығырақ...
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтантымен тойланды
16:42, 13 желтоқсан 2017
Қарағанды облысында қасиетті мәуліт айы айырықша сән салтант...
Толығырақ...
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай Қарағандыда жастар форумы өтті
15:10, 11 желтоқсан 2017
Елордамыздың Астана мәртебесін алғанына 20 жыл толуына орай...
Толығырақ...