Биыл Жезқазған кен орындарының игерілгеніне 170 жыл

Бұл айтулы датаның мазмұнында қазақ мысының қарашаңырағы Қарсақбайдың алар орны салмақты. Өйткені, 1928 жылы 19 қазанда Қарсақбай мысының құймасы алынған болатын.Мысты өлкенің қазына байлығын әлемге әйгілеген алып комбинат, кешегі Кеңестер Одағындағы мыс өндірудегі тұңғыш кәсіпорын осылайша дүниеге келген еді

12:56, 12 шілде 2017   25

Бүгінгі таңда Қарсақбай металлургиялық зауытының негізгі қызмет түрі – детальдарды механикалық әдіспен өңдеу арқылы сұр шойын құймаларын дайындау.Зауыттағы құю-механикалық учаскесі – негізгі өндірістік алаң. «Қазақмыс» корпорациясы кәсіпорындарының мұқтаждықтары үшін шойын бұйымдарын шығару көлемі жылына 350 тоннаны құрайды. Зауыт «Жезқазғантүстіметалл» кен балқыту кәсіпорындарының жабдықтарына арнап қосалқы бөлшектер түрінде 80 түрлі тауар өнімдерін шығарып келеді. Кәсіпорында 253 адам еңбек етеді.Бір  таңданарлығы мына цехтағы сонау 1940-шы жылдары іске қосылған шетелдік станоктар әлі күнге дейін жұмыс істеп тұр.Кәсіпорын  кент тұрғындары мен мекемелерді шаруашылық сумен, жылумен, көмірмен және электр қуатымен қамтамасыз етуде.Зауыттың қарамағына су бөгені, үш көпір, жолдар, 33 ғимарат пен нысандар 100 тұрғын үй бар. Қарсақбайдағы мына тар табанды темір жол үшін салынған көпірге ғасырға жуық уақыт өтіпті.Тек темір шегемен шегенделген көпірдің сапасы әлі күнге дейін сол қалпы.Бұл нысан Жезқазған кен орындарын игеру шежіресіне қатысты өте құнды тарихи ескерткіштердің бірі.

 

Әшімхан ЖӘМПЕЙІСОВ

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25