Биыл «Ұлттық ұланның» құрылғанына 25 жыл

17:42, 11 қаңтар 2017

Атаулы датаны «Орталық» өңірлік қолбасшылығы ерекше атап өтті. Ширек ғасыр ішінде қоғамдық тәртіпті нығайтуға үлес қосып келе жатқан әскерилер мерекелік кеш аясында марапаттарға ие болды. Салтанатты шара барысында әскери құрылымның жеткен жетістігі мен мүмкіндігі бейнеролик арқылы көрсетілді

Сайдың тасындай іріктелген жігіттер ғана Ұлттық ұлан қатарында сап түзей алады. Осыдан 25 жыл бұрын Бас қолбасшы Елбасы Н.Назарбаевтың бастамасымен құрылған құрам бүгінде ел мақтанышы әрі халық қорғанышына айналған. Мереке иелерін аймақ басшысы Н.Әбдібеков құттықтап, бейбіт өмірдің қаһармандарын марапаттады.

Облыс әкімі қолынан алғыс хатқа ие болғандардың бірі Мақсат Кенжебеков.Талай төтенше жағдайларда сақадай сай тұратын орталық өңірлік қолбасшылығы сапында міндетімді атқару және осындай құрметке ие болу үлкен абырой дейді ол.

Ел бойынша барлық қалаларда күн сайын 5 мыңнан астам әскери қызметкерлер қоғам тәртібін қадағалап жүр.  Өздеріне жүктелген тапсырманы мүлтіксіз орындайтын сарбаздардан бөлек, ІІМ-нен де облыстық ІІД бастығы М.Жаппаров бастаған бір топ басшылар марапатқа ие болды. Ал, әскерилер күні кеше Шахан кентіндегі төтенше жағдайда зардап шеккен тұрғындарға алғаш болып көмек қолын созғанын да айта кету керек.

Орталық өңірлік қолбасшылығының басшылары жетістіктерге тоқмейілсініп, тоқтап қалмайтындарын айтады. Халық сенімін ақтап, елімізде атқарылатын игілікті істерге өз үлесімізді қосуға қашанда дайынбыз дейді.

Жыл сайын құрылым жұмысын жетілдіріп отыратын орталық  өңірлік қолбасшылығы қолда бар күшті ел мүддесі жолында тиімді пайдалануға жұмсамақ. Әскерилерді ұлықтаған шара соңы мерекелік концертке жалғасты.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ КӘСІПҚОЙ БОКС КЕШІН ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ КӨРСЕТЕДІ
16:56, 17 қазан 2017
«QAZSPORT» ТЕЛЕАРНАСЫ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БОКСШЫ ЖАНАТ ЖАҚИЯНОВТЫҢ...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Қарағанды қаласында  «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап сыйла» атты акция басталды
16:32, 13 қазан 2017
Қарағанды қаласында «Кітапханаға латын әліпбиіндегі кітап с...
Толығырақ...