Биыл Қарқаралы ауданында республикалық маңызы бар 94 шақырым автокөлік жолы жөнделмек

Сонымен қатар жаңа дәрігерлік амбулатория салынбақ. Аталмыш аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму деңгейін облыс әкімі Ерлан Қошанов көріп қайтты. Күрмеулі мәселлерді тұрғындар активте айтып берді

21:07, 18 мамыр 2017   166

«Қарағанды Аягөз-Бұғаз» республикалық маңызы бар автокөлік жолын жөндеу үшін аудан бюджетінен 234 млн теңге қарастырылыпты. Ойдым- ойдым жолдар Қарағайлы, Егіндібұлақ, Бақты, Бесоба ауалдарының тұрғындары үшін де қиындық тудыратын көрінеді.  

Марат ТЕКЕНОВ Бесоба ауалының тұрғыны

Біздің ауылдың жанынан «Алаайғыр» кеніші ашылды. Жүк көліктері көп өтеді. Биылғы су тасқынында көпір істен шықты. Жүк көліктері өтуге ешқандай жағдай жоқ.

Ерлан ҚОШАНОВ облыс әкімі

«Тау кен Самрұқтың» басшысын тауып алып сөйлестім, сол кісінің уәдесін алдым.  Саласыңдар ғой. Көмектескенде 46 шақырым жолды салу керек. Сол жердің қызығын көріп жатырсыңдар ғой, оны халыққа да жасау керек.  Сондықтан сол жолды жөндеңдер!

Актив жинында денсаулық сақтау мәселесі ерекше назарға алынды. Қарағайлы кентінде аумағы 700 шаршы метрді құрайтын дәрігерлік амбулатория салынбақшы. Құрылыс жұмыстары 2018 жылы аяқталады деп жоспарланған. Сонымен қатар Тәттімбет, Томар, Егіндібұлақ ауылдарына медициналық нысандарға арналған автотраспорттар беріледі.

Халел МАҚСҰТОВ  Қарқаралы ауданының әкімі  

Аудан тұрғындарының денсаулығында оң динамика байқалады. Өмір сүру уақыты 71 жас. Былтырғы жылы 3 елді мекенде отбасылық амбулатория салынса, биыл Қарағайлы кентінде осындай нысан салу жоспарымызда бар.

Кейінгі жылдары Қарқаралы ауданында түберкүлезге шалдыққандар әрі ана мен бала өлімі азайған. Мәселен, Бесоба селолық округінде соңғы 6 жылда ана мен бала өлімі тіркелмеген. Мұндағы дәрігерлік амбулатория дәрігерлері 2100 адамға қызмет көрсетеді. Медицина мекемесі қажетті емдеу кабинеттермен қамтамасыз етілген. 2010 жылы ғимаратқа жөндеу жұмыстары жүргізілген. Ал  Қарқаралы ауданының жастар ресурстық орталығы 2012 жылы жөнделіп, жаңартылыпты. Мұнда 600 бала өнердің сан түріне үйреніп, спортпен жаттыға алады. Аймақ жетекшісіне әлеуметтік маңызды нысанның әлеуеті таныстырылды. Тіпті оқушылар өз қолдарымен 34 робототехника құрастырып қойыпты. Өздерінің шағын қуыршақ театрлары да бар. Қарқаралы ауданының кәсіпкерлері туған елдің түтінін түтетуге аянбай  күш салуда.  Мәселен,  «Айса» шаруа қожалығы өз қаражаты есебінен 300 басқа арналған мал бордақылау алаңы мен жылыжай салып, жалпы көлемі 500,0 млн. тенгеден аса инвестиция тартқан. Ал тұрғын үй құрылыс мәселесін шешуде қарқаралық бизнес өкілдері жалға берілетін үйдің құрылысын бастауды да нысанаға алған. Яғни  бұл Қарқаралы қаласында 28 пәтерлі тағы бір 5 қабатты тұрғын үй салынады деген сөз. Қосымша кәсіпкерлердің бастамасымен мешіт те бой түземек.

Ерлан ҚОШАНОВ облыс әкімі

Елбасының мақаласы шығып жатыр «Туған жердің туыңды тік» деп.  Соның барлығына  алғашқы ат салысып жатқан осы азаматтар деп ойлаймын. Сондықтан мен осындай жұмыстар атқарып жатқандарыңыз үшін рахмет айтқым келеді.

Жалпы Қарқаралы ауданынанда 2017 жылдың 4 айында экономикалық өсім 9 миллиардты құраған. Облыс әкімі Ерлан Қошанов жауапты басшыларға ауданда әлеуеметтік маңызды нысандар құрылысы жұмыстарын көбейтуді тапсырды. Әсіресе Қарқаралы қаласының өзінде салынғалы жатқан денешынықтыру және сауықтыру орталығын ерекше бақылауға алуды міндеттеді.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

«Қазақстан-Қарағанды» телеарнасының ресми сайты

100000, Қарағанды қаласы, Жауынгер-интернационалистер көшесі, 14 үй Байланыс телефондары: 8 (7212) 41-11-25