Биыл Қарағанды шаһарының бюджет қаржысы 9 пайызға толықты

16:57, 12 қазан 2017

Ал қазынаның жалпы сомасы 60 миллиардан астам теңгені құрайды. Қосымша қарастырылған ақша тұрғын үй құрылысы мен жолдарды орташа жөндеуге және мәдениет үйлерін, денешынықтыру – сауықтыру орталықтарын жабдықтау жұмыстарына бағытталып отыр. Бұл Қарағанды қалалық мәслихатының 10 - шы сессиясында мәлім болды

Биыл білім саласына 395 миллион теңге қосымша қаражат бөлінді. Бұл электронды журналдар сатып алуға және мектептердің материалдық-техникалық базасын жабдықтауға жұмсалады. Сонымен қатар  әлеуметттік мәдени нысандарды қалыпқа келтіругеде біршама қаржы  қарастырылған. Сәтін салса, «Теміржолшылар» Мәдениет үйі мен дененшынықтыру–сауықтыру және «Сказка» балалар орталықтарының келбеті жаңартылады.

Роза МҮКЕЕВА Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары

Қаражаттың басым көпшілігі тұрғын үй құрылысына жұмсалады. «Панель-Центр» және «Оңтүстік –батыс» ықшам ауданындарында салынып жатқан тұрғын-үйдің құрылысына  қазынадан қыруар теңге қарастырылды.Мұнымен қоса тиісті ақшаны еңсе тіктейтін пәтерлердің жобалық -сметалық құжатарын рәсімдеугеде игеретін боламыз.

Юлия БАДИНА Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Бюджет қаржысы бойынша қалалық мәслихат депутаттары өздерінің ұтымды  ұсыныстарын  білдірді.Айталық халық қалаулыларының оқулықтарды сатып алу және жеткізу, оның ішінде мектепке дейінгі материалдық-техникалық базасын нығайту сынды пікірлері ескерілді. Сондай-ақ әлеуметтік көмек пен қала бюджетінің экономикалық даму жағында жан-жақты сараладық. 
Коммуналды сала мен автокөлік жолдарын жөндеуге 852 миллион теңге қаражат бөлініп отыр. Қыруар ақша тас жолдары тақтайдай етіп тегістеуге  және екі бағдаршам мен каскад алаңындағы шамдарды ауыстыруға жұмсалады. 

Бейбіт ДОСЖАНОВ Қарағанды қалалық мәслихатының депутаты

Осы жылы жақсы жұмыс жасағаны үшін облыс әкімімен қала әкіміне алғыс айтамын.Әр салаға жауапты жетекшілерде  аянбай атсалысты. Бір қуантарлығы Қарағанды ​​бюджеті 60 млрд. 315 млн теңге жетті. Бұл шахарымыздың теңдессіз жетістігі.

Кезекті он сегізінші сессия қорытындысында қала бюжетін бекіту туралы шешімді депутаттар бірауыздан қолдады.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...