Биыл Қарағанды гумманитарлық колледжіне- 40 жыл

13:11, 20 сәуір 2017

Осынау уақыттағы жұмыс нәтижелерін білім ордасы қортындылап, атаулы датаны атап өтті. Республикалық семинар ұйымдастырып, еліміздің облыстарындағы 16 колледж ұжымын жинады. Мұнда жаңартылған білім беру мазмұны аясында білікті педагогикалық маман даярлау әдіс-тәсілдері қаралды

Семинарға қатысушылардың білім беру мазмұнын жаңарту аясында тың жобаларымен ұсыныстары көп болды. Мәселен Қарағанды гумманитарлық колледжінің ұстаздары  «Бейнелеу өнері және сызу» мен «Технология» пәндерін біріктіріп, «Көркем еңбек» мамандығы деп атау керек дейді. Сәйкесінше, оқу бағдарламасы бір жүйеге келтіріліп, студенттер қолөнердің сан түрін меңгере алатын болады.

Ал  музыка мамандығының оқу бағдарламасына қазақ сазгерлерінің шығармалары енгізілу керек -дейді педагогтар. Бұл ұлттық өнерді ұлықтаудың таптырмас жолы. Осыған орай оқу әдістемелік кешенін әзірлеп,  электрондық оқулықтар шығару жолдарын қарастырды.

Семинарға қатысушылар енді жаңартылған білім жүйесінің мазмұнын өз өңірлеріндегі әріптестеріне түсіндіруі қажет. Мұнда  айтылған ұсыныстар кейін ҚР Білім және ғылым министрлігінде қаралып, талқыланатын  болады.

Жалпы Қарағанды гумманитарлық колледжі облыстағы іргелі оқу орнының бірі. Барлығы 847 студент 6 мамандық бойынша білім алуда. Бүгінде колледждің өз ұлттық аспаптар ансамблі, хоры, вокалді топтары бар.  Талантты жастар өздерінің өнерлерін концертте көрсетті. Мерекелік шарада   бірнеше жыл аянбай еңбек етіп жүрген ұстаздар облыстық білім басқармасының,  Қарағанды қалалық мәслихаттың және «НұрОтан» партиясының алғыс хаттарымен мараптталды.

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тақырып бойынша материалдар

Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны емес, сапасы маңызды
17:45, 20 қазан 2017
Қыста қаланы қардан тазалау үшін - коммуналды қызметтің саны...
Толығырақ...
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпбиінің Қазақстан тарихында алатын орны» атты семинар өтті
17:44, 20 қазан 2017
Қарағанды қаласындағы №93 мектеп-гимназиясында «Латын әліпби...
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
17:54, 16 қазан 2017
Шет ауданына қарасты Ағадыр кентіне 80 жыл
Толығырақ...