Биыл ақын, композитор Зәрубай Сүйіндікұлына - 70 жыл

15:32, 9 қазан 2017

Шет ауданының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосып келе жатқан азаматтың мерейлі жасын жерлестері атап өтті. Шығармашылық кеште ақынның «Сарыадырдың самалы» атты екінші кітабының тұсауы салтанатты түрде кесілді

Зәрубай Сүйіндікұлы - әуесқой сазгер, әрі күйші. Еңбек жолын ауыл ұстазынан бастап, білім бөлімінде жетекшілік қызметтерге дейін көтерілген. Аудандық мұражайды да басқарған. Орталықтағы мәдениет үйінде бас қосқан ақынның, әріптестерімен достары азаматтың талантымен еңбекқорлығын ерекше атап өтті. Алғашқылардың бірі болып ҚР Парламент Сенатының депутаты Рысқали Әбдікеров құттықтады.

Рысқали ӘБДІКЕРОВ    ҚР Парламенті Сенатының депутаты

-Зәрубай Сүйіндікұлы ерекше тұлға. Туған еліне, жеріне деген патриоттығы оның зейнет жасында да көп жұмыстар атқаруына септігін тигізуде. Өз басым ерекше құрметтейтін ақын әрі композитор Зәрубай Сүйіндікұлына табыстар тілеймін.

Әдеби рухани кеште Зәрубай Сүйіндікұлының «Сарыадырдың самалы» атты жаңа кітабының тұсауы кесілді. Жаңа басылым Шет ауданына арналған. Туындада ол  туған жерінің әсем табиғатымен, жаны жайсаң азаматтарын жырға қосыпты. Бұл ақынның  «Туған жер» бағдардламасына тартуы.  

Марат ЖАНДӘУЛЕТОВ     Шет ауданының әкімі

-Біз Зәрубай Сүйіндікұлымен мақтанамыз. Оның еңбек жолы, қалдырған ізі жас ұрпаққа өнеге болып қала бермек. Шыны керек, оның әндері мен өлеңдері толықтай патриоттық туындылар. Зейнеткерлікке шықсада тынбай еңбектеніп келе жатқан ақын біздің мақтанышымыз деп тағыда айтқым келеді.

Зәрубай Сүйіндікұлы 60-қа жуық ән мен ондаған күйдің авторы. Шығармашылық кеште сол төл туындылары орындалып, шырқалды. Әсіресе «Ақсуым-Аңсарым» атты туындысы  Шет ауданының патриоттық әніне айналып, бейнебаянда түсірілген. Ақын, композитор халқына әлі де тыңдармандары мен оқырмандарына тосын сый жасаудан жалықпайтынын жеткізді.

Зәрубай СҮЙІНДІКҰЛЫ  ақын, сазгер

-Жаңа шыққан кітабым сарыадырдың самалы деп аталуының өзі туған жеріме байланысты. Барлық аудан басшыларына, өзге де қызметкерлерге алғысым шексіз. Қай кезде болмасын шығармашылығымның өрлеуіне қолдау білдіріп келеді.

Шара аясында, облыс әкімінің арнайы Құттықтау хаты оқылды. Сонымен қатар аудан әкімдігі мен кәсіпорын басшылары Алғыс хаттармен марапаттап, сый сыяпаттарын ұсынды.

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар