БІРЫҢҒАЙ «АДАЛДЫҚ САҒАТЫ» ӨТТІ

14:20, 19 мамыр 2020

Елімізде кезекті рет «Адалдық сағаты» өтті. Жастар арасында адалдық, парасаттылық қағидаттарын насихаттауға бағытталған дәстүрлі шара биыл, онлайн форматта болды. Дәріс тақырыбы «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» деп аталады. Аталмыш акция жоғарғы сынып оқушылары мен студенттер назарына телеарна және әлеуметтік желі арқылы ұсынылды

Тоқсан сайын өтетін «Адалдық сағаты» республикалық акциясының бұл жолғы тақырыбы да ерекше. Ол Ұлы ойшылдың 175-жылыдығына орай  «Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай»- деп аталды. Парасаттылық пайымы насихатталған  іс-шара, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұйытқы болуымен өтті.  Елдегі ахуалға байланысты бұл жолғы дәріс онлайн форматта ұсынылды.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, жемқорлыққа қарсы департаменті жанындағы ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі:

- Жалпы Қазақстан аумағында адалдық сағаты бірыңғай акциясы жүргізілуде. Бұған жалпы кімдер қатысуда? Бұл қандай? Бүгінгі төтенше жағдайда қандай дәрежеде? Жалпы онлайн форматы таңдалып алынды. Тақырыбының өзі  адалдықты мұра еткен-Абай- деп анықталды. Мұндағы мақсат Абайдың адалдықты, парасаттылық идеологиясын терең насихаттау мақсатында алынып отыр.

Аталған акция аясында жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Бейне-дәрістер екі тілде республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналарында өткізілді. Сондай-ақ агенттіктің Youtube-арнасы арқылы жас көрермендеріне жол тартты.  Бұған қоса,«Adaldyq alańy» жобалық кеңсесінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы да көрсетілді.

Бекзат АЛТЫНБЕКОВ, жемқорлыққа қарсы департаменті жанындағы ақпараттық ағартушылық штабының жетекшісі:

- Бұл енді президентіміз Қасым-ЖомартТоқаев Кемелұлының Абай және 21-ғасырдағы Қазақстан өзінің арнайы баяндамасында. Ол жалпы Абай шығармалары бүгінгі жастардың негізгі бағдаршамына айналуы керек деген. Абай шығармаларындағы адалдық, парасаттылық идеялогоиясын жас ұрпақтың бойына сіңірген уақытта, біз кез-келген жағдайда сыбайлас жемқорлықтың қоғамдағы ауыр кеселдерді жеңіп кететініміз, ол өмірдің өзі көрсетіп келе жатыр.

Ел көлемінде өткізілген  «Адалдық сағатыда»  жастар арасындағы адал ортаны қалыптастыруға  септігін тигізеді,- дейді ұйымдастырушылар. Қоғамда парасаттылық идеологиясын насихаттау бойынша агенттік жүргізетін жүйелі жұмыстар  әлі де, жалғаcын табады.

Азамат СЕРІКХАН

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар