БІРЛІК ПЕН ЫНТЫМАҚ МЕРЕКЕСІ

14:48, 20 наурыз 2020

Наурыз- ұлыстың ұлы күні.Бұл мейрамды биыләр отбасы өз үйінде атап өтпек. Көктемнің нышаны сезілсін деген ниетте, ерекше сыйлық тартудың сан түрін ойластыруда. Тіпті өзге ұлт өкілдері дастархан жайып, ұлық мерекенің мән мағынасынұлықтай білуде

Шакарбек Норматовтың шаңырағында Наурыз мейрамына дайындық басталып кетті. Тәжік ұлтының өкілдері жаңа жылға адам табиғат сынды жаңарған, таза күйінде қадам басуы тиіс - деп қабылдайды. Сондықтан қыстағы ауыртпалық кетсін -деген ниетте алдын ала  үйді тазартып, жаңа күнді қарсы алуға қамданады.

Тәжіктерде  наурыз мерекесі - Арафа деп аталады. Олар қазақ халқы сияқты қонақтарды қарсы алуға ерекше мән береді. Бүгін бұл отбасы қос ұлттың сүйікті тағамдарын негізге алып, етті асып қойып, наурыз көжені де пісіріп жіберген. Әрине, бұл тұста үйдің отанасы Сайера Норматоваға  артылар жүк жеңіл емес.

Сайера НОРМАТОВА:

-Біз наурыз көжеге жүреі, бидай, ет, айран қосып араластырып, қайнаттым. Әр ұлт өкілдері әрқилы дайындайды . Біздің наурыз көже осындай.

Әулеттің үлкені Шакарбек Норматов - ұлттық ғұрыпты бағзы заманнан ұстанатын азамат.  Ол «Тәжіктер дауысы» республикалық газетінің осы өңірдегі тілшісі. Мақалаларында үнемі бірлігі жарасқан қазақ елінің ырыс ынтымағы мен қос ұлттың арасындағы рухани ұқсастық жайлы қалам тербейді. Қосымша кәсібі де бар. Еліміздің қала мен аудандарында бірнеше дүкен ашып,100 деген қазақстандықтарды жұмыспен қамтып отыр. Алайда Ұлыстың ұлы күнінде барлық жұмысты ысырып қойып, мәні мен мағынасы бөлек мерекені өз деңгейінде атап өтуге көңіл бөледі.

Шакарбек НОРМАТОВ, тәжік этно мәдени орталығының жетекшісі:

-Наурыз мейрамында бізде жаңа жылға жаңа қадам болсын деп ескі, заттарды тысқа шығарып, үйді тазалайды. Әр отбасына туысқандары келіп тойлатады. Біз қайырымдыққа ерекше екпін береміз. Аз қамтылған отбасылар мен жетім жесірлерге қолдау көрсетіледі.

Норматов отбасы Қарағандыға 25 жыл бұрын көшіп келген. Ерлі зайыптылар 4 баласы мен 5 немересін тәрбиелеуде. Балалары сан салада абыройлы еңбек етіп, еліне қалытқысыз қызмет етіп жүр.

Бүгін, бұл ақ  ниетпен жайылған дастарханнан көршілері мен достары, етжақын туыстары келіп, дәм татады. Тіпті бәрі бірлесіп қайырымдылық бағытында    «Достық  дастархан» - деп аталатын акция да ұйымдастырады екен. Себебі наурыз - татулық, бірлік пен ізгілікке үндейтін мейрам!

Гүлбақша АҚАЖАНОВА

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

 

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар