БІРҚАТАР ӨЗГЕРІСТЕР БАР

16:37, 29 маусым 2020

Қарағанды облысында карантинді күшейту бойынша қосымша шаралар енгізілуде. Олар халыққа қызмет көрсету орталықтары мен қоғамдық көліктердің жұмысына қатысты. Бұл туралы арнайы брифингте облыстың бас санитарлық дәрігері Қанат Асқаров мәлімдеді

Қарағанды облысында 27 маусымнан бастап карантиндік шектеулер күшейтілді. Бұл эпидемиологиялық жағдайға байланысты қабылданып отырған шара. Коронавирустық инфекцияға қатысты аурушаңдық төмендемеуде. Ковид19 дертін жұқтырушылар саны соңғы демалыс күндері 273-ті құраса,   еш белгісі жоқ 91  жанда  тіркелген.  Облыстың бас санитары Қанат Асқаровтың айтуынша, мұндай көрсеткіштің артуына бетперде киіп жүрмеу,  әлеуметтік қашықтықты  және қауіпсіздік ережелерін сақтамау ықпал етуде. Қоғамдық көліктерді қосқанда аймақ бойынша 153 учаскеде бұзушылықтар анықталған.

Қанат АСҚАРОВ, облыстың бас санитарлық дәрігері:

- Қалааралық қоғамдық көліктермен жүру уақытын таңғы 6-дан кешкі 21-ге дейін шектеу керек.  Автобустар мен шағын автобустардағы жолаушылар тек алдыңғы есіктен кіре алады. Жолаушылар барлық есіктерді бір уақытта ашқанда шығады. Осы талаптың сақталуын бақылау үшін жауапты тұлғалар тиісті шаралар атқаруы тиіс.

Халыққа қызмет көрсету орталықтары қысқартылған жұмыс кестесіне көшеді - 09.00-ден 14.00-ге дейін. Мемлекеттік қызметтердің басым бөлігі онлайн режимінде ұсынылатын болады.

Гүлмира СҮЛЕЙМЕНОВА, «Азаматтарға арналған үкімет» МК  ҚОФ директорының орынбасары:

- ХҚКО-ға келу үшін кезекке тапсырыс берген азаматтарға SMS-хабарлама келеді. Барлығы электронды үлгіде қызмет алу құқығына ие.   Кезекті алдын ала брондау арқылы әрбір адам өз қызметін алу үстінде.

Қанат Асқаров егер ауру деңгейінің өсуі тоқтамаса, қоғамдық тамақтандырудың барлық салалары жеткізу режиміне көшеді. Айта кету керек, Қарағанды ​​облысында COVID-19 жұқпасының 2219 жағдайы тіркелді

Мақсат БЕЙСЕНАЕВ

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар