БІРҚАТАР КЕЛІСІМГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛДІ

19:35, 15 қараша 2019

Қазақстан мен Въетнам парламентаралық серіктестігін одан әрі нығайта түседі. Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулиннің Социалистік Республикаға ресми сапары кезінде осындай келісім орнады

Мәжіліс спикері Въетнам Ұлттық жиналысының төрағасы Нгуен Тхи Ким Нганмен кездесті. Қос тарап парламенттердің заңнамалық жұмысын үйлетірудегі жаңашылдықтар бойынша тәжірибе алмасу қажеттігін алға тартты. Жалпы Еуразиялық экономикалық одақ елдерімен еркін сауда аймағын құрған Вьетнаммен байланыс арта түспек. Тауар айналымы былтыр жарты млрд  долларға жетіп жығылды. Вьетнам бізден металл, бидай импорттаса, Қазақстанға жеңіл және тамақ өнеркәсібі  өнімдерін экспорттайды.

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР Парламенті Мәжілісінің спикері:

-Вьетнам жерінде өткен кездесулер біздің екі елдің даму жолында ортақ мақсаттар, бірлескен жобалар көп екенін көрсетті. Олардың барлығын заң жағынан қолдау үшін сонымен бірге парламентаралық достықты ары қарай нығайту үшін біз бірқатар келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер Қазақстан және Вьетнам арасындағы байланысты одан әрі күшейтуге жол ашады деп сенеміз.

Тегтер: Қарағанды жаңалықтары мен оқиғалары, Қарағанды облысының соңғы жаңалықтары, Қарағандыдағы жаңалықтар

Тақырып бойынша материалдар

Танымал жаңалықтар