Бір жылдың 250 күнінде жаттығу мен жиындарда жүретін спорт саңлақтары облыс әкімімен кездесуге уақыт тапты

14:46, 7 желтоқсан 2017

Отырыста аймақ басшысы Ерлан Қошановқа бапкерлер мен оғландар қол жеткізген жетіктістерді бүге-шігесіне дейін баяндады

Облыс әкімінің қатысуымен өткен кездесуде спортшылар әр жылдардағы олимпида ойындарында өнер көрсеткен жерлестеріміз туралы кітап пен деректі фильмнің тұсаукесерін тамашалады.Бұл жоба «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында арнайы дайындалған.Ал көз жүгіртіп қарасаңыз Кеңес одағынан бастап, бүгінгі күнге дейін олимпиадалық аренада 1216 қарағандылық сайыпқыран тартысқа түсіп, топ жарған.

Наталья СУХОРУКОВА облыстық денешынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Аймағымызда тарих  толқыны жалғасын табуда.Үлгілі үрдіске сәйкес  келесі олмипиада ойындарыда  жақсылық әкелетіндей көрінеді маған.Намысты қолдан бермеген ұландар еліміздің мақтанышы. Додаларда  есе жібермейтін алтын ұлдардың есімдері жанкүйердің жүрегінде.

Кенді  өңір спортшыларының алған асулары мен бағындырған белестері айтуға тұрарлықтай. Сөзімізіге дәлел. Жуырда ғана  Қарағанды облысының дзюдо құрама командасы конфедерация кубогында бірінші орынды қанжығаларына байлап қайтты. Ақтық сында татами шеберлері  Ақтөбе облысының дздошыларын 4:1 есебімен ұтып, айқын басымдылықпен жеңіске жетті. Спорт майталмандарының мәлімдеуінше  ұлттық құрама сапындағы саңлақтардың 70 пайызын қарағандылық палуандар құрайды.Алдағы уақытта  бапкерлер мамандандырылған колледж ашуды жоспарлап отыр. 

Ерден ХАЛИЛИН    спорт мектеп-интернатының директоры

Егер осы бастамамыз қолдау тапса, біз үшін бір ғәнибет.  Себебі он бірінші сыныпты бітіргеннен соң мықты спортшылар жоғалып кетеді. Сондықтан ұтымды ұсыныс шың шеберлерді шартарапқа  шшыратпаудың таптырмас  тетігі.

Теміртау жеңіл атлетика мектебінің тәрбиленушісі Мария Овчинникова халықаралық олимпиада комитеті бойынша  «Жыл жүлдегері» аталымына еншілеген.Жаттықтырушылары талапты жастан үкілі үміт күтеді.

Дмитрий КАРПОВ олимпиада ойындарының жүлдегері

Ол әлі жасөсіпірім. Бірақ болашағы алда.  2020 жылы шәкірітімізге ұлкен сенімі артамыз. Өскелең өреніміз  Ольга Рыпакова әпікесінің жолын қуады.

Ескек есу мен құзға өрмелеу секілді спорт түрлерінен табыстарда толайым.Қазір жауаптылар мен боксшылар     Ғалым Жарылғапов атындағы халықарлық турнирге қызу дайындық үстінде.

Ерлан ҚОШАНОВ Қарағанды облысының әкімі

Менімше ашық әңгіме өрбітіп, емен жарқын ой бөлістік.  Мәселерді қарастырамыз. Жерлестерімізге барлық жағдайлы жасаймыз. 2018 жылы  Біз Абай мен Қарқаралы  аудандарында денешынықтыру- сауықтыру  кешендерінің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз.Ал  Жезқазған қаласы мен Жаңаарқа ауданында  жүзу бассейні салынады Мұнымен қоса олимпиадалық стандарттарға сай 50 метрлік бассейн құрылысын көктем мезгілінде  құрылысын қолға алынады.

Облыс әкімі отырыс қорытындысында алдағы жарыстарда  ​​спортшыларға  сәттілік серік болғай деп тіледі.

Жанбота РАХМЕТУЛЛАҰЛЫ

Тақырып бойынша материалдар

Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға  арналған бокстан 34-ші халықаралық турнир өз жалауын тікпек
16:53, 14 желтоқсан 2017
Кеншілер шаһарында Ғалым Жарылғаповты еске алуға арналған б...
Толығырақ...
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құрылысы аяқталады
16:50, 14 желтоқсан 2017
Ағымдағы жылы аймақ бойынша бес қабатты, 25 тұрғын-үйдің құр...
Толығырақ...
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
16:49, 14 желтоқсан 2017
Көліктің салығын уақытында төлеңіз!
Толығырақ...

Танымал жаңалықтар

2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің саны 55-ке жетті
17:06, 8 желтоқсан 2017
2017 жылы облыс бойынша үш тілде білім беретін мектептердің...
Толығырақ...
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөндеу жүргізіледі
17:42, 8 желтоқсан 2017
Қарағандыдағы теміржол вокзалына алдағы көктемде күрделі жөн...
Толығырақ...